Жер адамзатқа мына 10 сөзді арнайды
Жер адамзатқа мына 10 сөзді арнайды
02.07.2019 10:04
975
0

Әнас ибн Малик (р.а.):

 «Жер күнде адамзатқа он өнегелі сөз арнайды: «Ей, адам баласы!

1.Менің үстімде жүресің, барар жерің қойнауым.

2.Үстімде жүріп күнә жасайсың, ішіме кіргенде азабын тартасың.

3.,Үстімде жүріп қарқ-қарқ күлесің, қойныма енгенде жылайсың.

4.Үстімде жүріп орынсыз шаттанасың, ішіме кіргенде соған өкінесің.

5.Үстімде жүріп мал-дүние жинаумен әлек боласың, ішіме түскенде күйінесің.

6.Үстімде жүріп тыйым салынған харамды жейсің, қойнауыма кіргенде сені құрт жейді.

7.Үстімде жүріп тәкаппарланасың, қойнауыма кірсең қор боласың.

8.Үстімде қуанып жүресің, ішіме түскенде қайғыға батасың.

9.Үстімде жарық сәуледе жүресің, ал менің қойнауым қара түнек.

10.Үстімде бала-шаға, дос-жаран, ағайын-туыс арасында жүресің, ал қойнауымда жападан-жалғыз қаласың» (Мунаббихат)

 

0 пікір