ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН 65 ЖАСАР АТЕИСТТІҢ ӘҢГІМЕСІ: «МЕН ЕШҚАШАН ИСЛАМ ЖАЙЛЫ ОЙЛАНБАҒАН ЕДІМ»
ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН 65 ЖАСАР АТЕИСТТІҢ ӘҢГІМЕСІ: «МЕН ЕШҚАШАН ИСЛАМ ЖАЙЛЫ ОЙЛАНБАҒАН ЕДІМ»
24.07.2020 12:33
571
0

Менің исламдағы есімім - Мәриям Нұр. Туған атым – Маргарет Темплтон.
Мен Шотландияда атеистер отбасында туылдым. Менің отбасымда құдай туралы сөз қозғауға болмайтын, тіпті мектепте дін жайында бір нәрсе үйренсек, жазаға ұшырамас үшін, оны үйде талқылауға болмайтын.

Мен әрдайым осы дүниеге не үшін келдім, не істеуім керек деген сұрақтарғы ақиқи жауап іздеп жүрдім. Бойжете келе, адамдар айтып жүрген «Құдай деген кісі» туралы мәлімет іздей бастадым. Мен нақты бір дінді емес, менің өмірімді мағыналы етіп, мән сыйлайтын ақиқатты іздедім. Ұлыбританияның барлық шіркеулерінде болып шықсам да, алайда Ислам жайлы ойлау басыма да келмеген.

Исламға енді көңіл бөле бастағанымда Иракта соғыс басталды да, газеттер мұсылмандар туралы не бір сұмдық нәрселерді жаза бастады. Алайда, өзге діндер жайында біршама білімдерім бар болуы себебінен, діннің шақыруын адамдардың іс-әрекеттерінен ажырата білдім. Сондықтан мен, мұсылмандар жайлы айтылып жатқандардың дұрыс-бұрысын ажыратып, Ислам жайлы толық мағлұмат бере алатын ұстаз іздей бастадым.

Ұстаз іздегеніммен бірге үнемі Құдайға жалбарынып: «Көмек бер... көмек бер...көмек бер...» - деп екі жыл бойы күнде сұраумен болдым, өйткені не істеп, қайда баратынымды білмедім.

Осылай жүргенімде, танысымның досы маған Ұлыбританияда тұратын бір араб жайлы айтып, сол арабтың маған Ислам туралы айтып бере алатынын жеткізді.Әлгі араб кісі маған қандай кітаптар алу керектігі жайлы кеңес беріп, мен Құранның жеті томдық түсіндірмесін сатып алып, оқып, үйрене бастадым.

Бірінші кітапты ашып, Фатиха сүресін оқи бастағаным сол еді, найзағай соққандай болдым - көзімнен жас тоқтамай аға берді. Жүрегім қатты дүрсілдеп, денемді тер басып кетті... тіпті бұл - мені ақиқаттан алыстатпақ болып жатқан шәйтанның әрекеті ма деп те ойлай бастадым.

Мен өзімнің мұсылман досыма қоңырай шалып, басымнан кешкеннің барлығын айтып бердім – сол кезде мен дәл көз алдымда үлкен де қып-қызыл болып кеткен өз жүрегімді көрген едім. Қатты қорқып, досымнан не істеуім керек деп сұрадым.

Ол маған: «Маргарет, сіз мұсылман боласыз», - деді. Менің ұлым да маған «бәлкім сен ақиқатты таптың» деп айтқан еді. Алайда мен оған: «Бірақ мен бұл кітаптарды мұсылман болу үшін емес, тек мұсылмандар туралы айтылып жатқан жалғанды әшкереле алу үшін оқып жүрмін. Мен мұсылман болғым келмейді», - дедім.

Ол: «Дегенмен, Маргарет, сіз мұсылман боласыз, өйткені сіздің өміріңізге Құдай кірді», - деді. Мен ол кезде 65 жаста едім.

Қараша мен ақпан аралығында мен Ислам жайлы білім алуымды жалғастырдым, бірақ шыдамым жетпей шаһадамды айтуға асықтым. Білімімнің аз екендігіне қатты уайымдасам да Раббымның кешірімінен үмітімді үзбей, білім алуда жігерлене түстім. Себебі Раббымның маған берген нығыметтеріне шүкіршілігімді білдіріп, маған берген ақиқатын ықыласпен қабылдауға тырыстым.

2003-ші жылдың ақпанында араб досыммен кездестім, ол бастан аяқ әппақ киіммен келді, менен алысырақ отырды да, маған: «Айтқанымды қайтала», - деп,  шаһаданы айтты, мен оның артынан қайталадым.

Мен одан қайталаған сөздердің мағынасы жайлы сұрағанымда ол мағынасын ағылшынға аударып берді. Мен: «Мен енді мұсылманмын ба?» - дедім, ол: «Иә, және сіздің жаңа есіміңіз Мәриям Нұр»- деді.

Мен өзімді жақсы мұсылманмын дей алмаймын, өйткені ондай болу өте қиын. Барлық христиан достарымнан айырылдым, олар мені есінен адасқан деп санайды. Тіпті қызым да мені есінен адасты деп ойлайды! Тек менің ұлым ғана мені ақиқатты тапты деп ойлайды және өзі де мұсылман болар деген үмітім зор.

Мұсылман емес, зайырлы елде тұруым маған көптеген қиындықтар туғызады - мұсылман елде тұрып, мұсылман жамағат ішінде болуды шын жүрекпен қалаймын. Алайда тұратын аймағымда мен жалғыз мұсылманмын. Бірақ Алла маған өте мейірімді, себебі қаншама қиыншылықтар болса да, мен өзімді бақытты сезінемін әрі білім алудамын.

Ислам жайлы ағылшын тілінде жазылған кітаптардың барлығын оқып шықтым. Алладан ылғи: «Йә ең Мейірімді, ең Қамқор Алла! Расында мен – Исламдағы сәбимін, қиыншылықтарға тап болып жатырмын, маған көмектесе гөр!»- деп сұраймын. Сол кезде Ол маған жәрдемін береді.

 

azan.kz

 

0 пікір