Иманды күшейту үшін!
Иманды күшейту үшін!
15.04.2019 10:56
487
0

Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік:

1)     Жақсы мінезді болу.

2)     Үнемі Алла Тағаланы еске алу.

3)     Ықыласты болу.

4)     Жомарт болу.

5)     Өз еркінде болмай үлкен бәлелерге тап болу. (Салих адамдар үшін)

6)     Харамдардан қашу.

7)     Күпірге түсуден қатты қорқу.

8)     Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, Жаман көретін адамын Аллаһ үшін жаман көру.

9)     Салих (сенімді) болу.

10) Намазға қатты мән беру.

 

Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

            «Иманы еңқуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп, кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды.» (Табарани)

            «Қайда болса да Алла Тағаланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.» (Бәйһақи)

            «Алла үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорқпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таңдайтын адамның иманы қуаттанады.» (Дәйләми)

            «Құран оқу және Алланы зікір ету иманды қуаттандырады.»(Дәйләми)

            «Ең ауыр бәле пайғамбарларға, әулиелерге және бұларға ұқсағандарға келеді. Адамның иманы мықты болған сайын бәлеге душар болады. Иманы мықты болса, бәлесі ауыр болады. Иманы әлсіз болса, бәлесі жеңіл болады.» (Тирмизи)

            «Жомарт мұсылманның иманы қуатты болады.» (Дәйләми)

            «Алладан қорқып харамға қарамаған адам иманының ләззатын сезінеді.» (Табарани, Хаким)

            «Алланы және расулуллаһты барлық нәрседен артық жақсы көретін адам, тек Алланың жақсы көгендерін жақсы көретін және күпірге түсу қорқынышы отқа жану қорқынышынан да басым болған кісі иманының ләззатын сезінеді.» (Бұхари)

            «Үш нәрсе иманның ләззатын арттырады: Алла және расулуллаһты барлық нәрседен де артық жақсы көру, өзін жақсы көрмеген мұсылманды Алла разылығы үшін жақсы көру және Алланың дұшпандарын жақсы көрмеу.» (Табарани)

«Жақсылық еткенде қуанып, күнә істегенде өкінетін адам иманды.» (Табарани)

Таң ертең және кешке мына дұғаны оқыған адам ширкке түсуден құтылады және иманы қуаттанады:

«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән ушрикә бикә шәй-ән уәәнәә’ләму уәәстағфирукә лимә ләә’ләму иннәкә алламул-ғуйуб.» (И. Ахмед)     

 

0 пікір