ИМАН МЕН АМАЛ БӨЛЕК ПЕ?
ИМАН МЕН АМАЛ БӨЛЕК ПЕ?
07.04.2021 10:42
771
0

Амал иманның бір бөлшегі емес, кейіннен пайда болатын рухани күш. Адам иманына тәуелді болып намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылыққа барады, алайда намаз оқып, ораза ұстап немесе қажыға барғаны үшін иман етпейді. Қасиетті Құран Кәрімде иманды амалдан бөліп көрсетіп, амалы болмаған адамға да мұсылман десе, ал иманы болмаған адамға мұсылман демеген. Бір адам иман етіп, өзіне парыз болған амалдарды орындамайтын болса, онда ол адам күнәһар болып, парыз амалдарды орындамайынша күнәһар болып қала береді, бірақ діннен шығарылмайды. Ол адамның ақыретте азапталуы және кешірілуі Алланың құзырындағы іс. Мұндай адамдардың кешірілулеріне үміт етіп, азапқа тартылуынан қорқуы керек.

Күдіктің жақсылықтарды жойғанындай, иманда жамандықтарды жойып жібереді. Күнә мұсылманға зияндықтан басқа ештеме әкелмейді және тозаққа кіруіне себепші болады. Әйткенмен күнәһар мұсылман тозақта мәңгі қалмайды. Дінімізде Иман негіздеріне сенбей тура жолдан шыққан адам мен иман етіп, бірақ амал жасамағандар сияқты бола алмайды. Хазіреті Әли өзіне сатқындық жасаған Шам халқын «мұсылмандар» деп атаған.

 

«Әбу Ханифаның итикати көз қарасы» кітабынан ықшамдап аударылды 

АБДРАМАНОВ Ж.С.

 

0 пікір