ИМАН МЕН АМАЛ БАЙЛАНЫСЫ
ИМАН МЕН АМАЛ БАЙЛАНЫСЫ
14.04.2020 23:27
1071
0

Иман мен амал екі бөлек нәрсе. Осы себепті адамның иманы болғанмен оның амалы болмауы мүмкін. Сол секілді иманы жоқ адам да жақсылық жасауы мүмкін. Бір адамды амал етпеді, не іс істемеді деп оны имансыз деуге болмайды. Осы тұрғыдан келгенде, иман мен амал арасында тығыз байланыс бар.

Енді осыларға тоқталамыз.

Иман жалпы барлық адамға парыз. Иман негіздерінің бірін қабыл алып, екіншісі қабылдамауға әсте болмайды. Сондай-ақ, иманның өзі әйел немесе еркек, жас мен жасамыс болып жас айырмашылығына қарамайды. Мейлі, дені сау болсын, ол мүгедек болсын, иман келтіруі керек. Алайда, амалдардың бәріне парыз бола бермейді. Мысалы, кедей адамға қажылық пен зекет парыз болмайды. Әйелдер мен ауру адамдарға жұма намазын жамағатпен оқу парыз емес. Егер бой дәреті жоқ адам намаз оқи алмайды, Құран кәрімді ұстай алмайды, мешітке барып Қағбаны тәуап ете алмайды. Бірақ ол адамның бойында иманы болады. Сондай-ақ, амалдар уақытқа байланысты. Намаз уақыты кірмей намаз оқуға, рамазан айы келмей ораза ұстауға, қажы маусымы келмей қажылыққа баруға болмайды. Ал иман келтіру үшін белгілі бір уақытты күтудің қажеті жоқ. Өмірінің кез келген уақытында иман келтіре алады. Пайғамбарымыз (с.а.с) бен халифалардың дәуірінде ұрлық пен зина жасағандарды жазалаған, бірақ оларды имансыз демеген. Негізі иман негіздеріне амал етпеген адам, келесі иман негіздеріне амал жасай алады. Мысалы, намаз оқымайтын адам ораза ұстай алады.

Иман негіздерінің біріне иман келтірмеген адам толық имансыз болып есептелінеді. Иман мен амал арасында байланыс бар. Иман ету амал етуді талап етеді. Мысалы, көлікке жанармай құймаса жүрмейтінін білген адам оған қанша қымбат болса да жанармай құяды. Арзан екен деп сумен жүрмейді ғой. Сол секілді харам нәрсені жасаған немесе Алланың парыз еткен амалдарын орындамаған адам, әрі тозақ отына жанатынын білген адам ешқашан намазсыз жүре алмайды, басқаның ақысын жей де алмайды. Егер істеген істерімізде иман болмаса, онда Алла Тағаланың алдында зәрредей құны жоқ. Амалдарға берілетін сауап мөлшері иманға да әсер етеді. Сауап иман қуатына қарай беріледі. Мұсылман адам иманымен қоса, амал етуі керек. Амалсыз иман ол жемісі жоқ ағаш секілді. Иман ету Алланың бұйрығы болғаны секілді, амалда Алланың бұйрығы болып табылады. Олардың бірін орындап, не келесісін орындамау ол дұрыс емес. Бұл жерде тағы бір айтылуы керек мәселе, Алла Тағаланың бұйрықтары мен әмірлеріне бағынбаған адам, көркем мінезде болмаған адам, басқа дін өкілдерінің мұсылмандар туралы ойын өзгертуі мүмкін. Оның да өзіндік жауапкершіліктері бар. Пайғамбарымыз бен сахабалардың Алланың бұйрықтарына бағынғанын және де көркем мінезде болғанын білеміз. Біз де сол жолмен жүруіміз керек.

 

0 пікір