ИМАН КАЛИМАЛАРЫ
ИМАН КАЛИМАЛАРЫ
06.04.2020 09:37
3975
0

Әрбір мұсылман адам иман калималарын жатқа біліп, әрдайым жүру керек.

  1. Кәлимай – Таухид: «Лә иләхә илаллаху, Мұхаммадур рассулуллаһ»

Мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед  (ﷺ) Алланың елшісі әрі құлы екеніне» сену.

  1. Кәлимай – Шәһәдат: «Әшһаду әллә иләһә илаллаху, уәәшһаду әннә Мұхаммадән ъабдуһуу уә расуулуһ»

Мағынасы: «Мен куәлік етемін, Алладан басқа Тәңір жоқ екендігіне және де куәлік етемін, Мұхаммед (ﷺ) Алланың құлы әрі елшісі екендігіне» сену.

      Сенім үшін қажетті барлық нәрсе бар бұл екі сөйлемді тілмен айтып, жүрегіне сіңірген кісі Ислам дініне кірген болып саналады. Мұны Іжмали (жинақталған) иман дейді.

МҰСЫЛМАН – Алла Тағаланың және пайғамбардың бұйрықтарына бойсұнып, иман келтіріп, берілген адам.  

 

0 пікір