ИМАН ЖӘНЕ ИҚРАР
ИМАН ЖӘНЕ ИҚРАР
06.04.2020 09:42
238
0

Ислам дінінде балиғатқа толған, ақылды пенде бірінші кезекте иман келтіреді.

Иман – ол сену, илану. Иқрар – өзінің сенгендігін тілмен айту. Мүмін және мұсылман адам Ислам дінінің хақ екендігіне және оның әрбір үкімдеріне сеніп, иман келтіруі, өзінің сенгендігін тілмен айтып, иқрар[1] етуі парыз.

Әр адам өзінің мұсылмандығын мына куәлік сөзін оқып дәлелдейді:

اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلٰهَ اِلاَّ اللهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ ۝

Оқылуы: Әшһаду ән ләә иләәһа илләллааһу уәәшһаду әннә мухаммадән абдуһу уә расуулүһу.

Мағынасы: Мен Алладан басқа құлшылық етуге лайық ешбір құдай жоқ екеніне, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куә боламын.

Мұсылманның иман шарты мына иман сөзінде айтылған:

اٰمَنْتُ بِاللهِ وَ مَلآئِكَتِهِ وَ كُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ وَ الْيَوْمِ الاخِرِ وَ الْقَدَرِ خَيْرِهِ وَ شَرِّهِ مِنَ اللهِ تَعَالَى وَ الْبَعْثِ بَعْدَ الْمَوْتِ ۝

Оқылуы: Аамәнту билләәһи уә маләәикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил аахири уәл қадари хайриһи уә шарриһи миналлааһи тәааләә уәл бағси бағдәл мәути.

Мағынасы: Мен Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне, тағдырға, яғни жақсы-жаман істердің әрбірі Алла Тағаладан екеніне, өлімнен кейінгі тіршілікке иман келтірдім.

 

 


[1] «Тілмен айту» дегенді білдіреді.

 

0 пікір