«ЕСТІДІК ЖӘНЕ БОЙҰСЫНДЫҚ!»
«ЕСТІДІК ЖӘНЕ БОЙҰСЫНДЫҚ!»
08.04.2020 13:08
374
276

Барлық нәрседен хабардар болған Алла Тағала өзінің пенделерінің тақуалығын сынау мақсатында, әрі берілген шексіз мейірімділіктің қадір – қасиетін ұғына түсіну мақсатында түрлі аяттар түсірген. Аллаһ Тағала айтқандай: «Ол Алла өлім мен өмірді, сендерді қайсыларың істеріңмен жақсырақ боласыңдар деп сынау үшін жаратты» (Мүлік сүресі, 2-аят). Сондай аяттардың бірі Бақара сүресінің соңғы 3 – аяты, яғни Әбу Һурәйра (р.а)  риуаяты бойынша: «Құранның: «Көктегі мен жердегілердің барлығы жалғыз Аллаға тиесілі. Іштеріңе бүккен (ойларыңды, ниеттеріңді) жария етсеңдер де, жасырып қалсаңдар да, Алла Тағала сендерді ойларың мен пиғылдарыңа қарай жауапқа тартады. Содан соң, қалағанын кешіреді, қалағанын азаптайды. Расында, Алланыңқұдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (2/284) – деген аяты түскенде, бұл пәрмен Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның  сахабаларына өте ауыр тиді.

Сөйтіп, олар Алланың елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, алдына тізе бүгіп отырып: «Уа, Алланың елшісі! Бұған дейін бізге намаз, жиһад, ораза, садақа беру секілді шамамыз келетін амалдар міндеттелген еді. Ал енді сізге түскен («тіпті, іштеріңе бүккен ойларың үшін де жауапқа тартыласыңдар» – деген мағынадағы) мына аятқа амал етуге әл – дәрменіміз жетпейді», – деп мұңдарын шақты. Сонда Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Сендер сонда, өздеріңнен бұрынғы кітап иелері яһудилер мен християндар секілді: «Естідік, бірақ бойұсынудан бас тарттық», – демекшісіңдер ме? Сендер, керісінше, «Естідік және бойұсындық. Уа, Раббымыз, бізді жарылқап, кешіре гөр! Соңында бір Өзіңе қайтамыз!, – деп айтыңдар», – деді. Сахабалар осы аятты оқып, шынайы ықыласпен бойсұнғанда, Алла Тағала бірден: «Пайғамбар мен мүміндер оған Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Олардың барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді. (Мүміндер былай деді): «Оның елшілерін бір – бірінен бөліп – жармаймыз. Естідік және бойұсындық. Уа, Раббымыз, бізді жарылқап кешіре гөр! Соңында бір өзіңе қайтамыз» (2/285) – деген аятты түсірді. Сахабалар (бұл пәрменге) шынайы түрде бойсұнған соң, Алла Тағала алғашқы аяттардың үкімін жойып: «Алла ешбір жанға шамасы келмейтін міндет жүйтемейді. Әрбір жанның істеген (жақсылығы) өзіне, істеген (жамандығы) да өзіне. (Мүміндер): «Уа, Раббымыз, егер ұмытып немесе жаңылысып күнәға батсақ, бізді жауапқа тарта гөрме!» – деп жалбарынғанда, Алла Тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыртпалық арта гөрме!» – дегенде, Алла Тағала: «Әрине», – деді. «Уа, Раббымыз, бізге шамамыздан тыс міндет жүктей гөрме!» – дегенде, Алла тағала: «Әрине», – деді. «Бізді жарылқап, кешіре гөр! Бізді шексіз мейіріміңе бөлей гөр! Сен біздің жалғыз Иемізсің, кәпір қауымына қарсы бізге жәрдем ет!» (2/286) – дегенде, Алла Тағала: «Әрине!», – деп, мүмін құлының бар ықыласымен айтқан дұға – тілектерін қабыл алды», – деген. (Муслим, иман 199).

 

276 пікір