ЕСІҢЕ САҚТА, АЛЛАҒА МЫНАЛАР ҰНАМАЙДЫ!
ЕСІҢЕ САҚТА, АЛЛАҒА МЫНАЛАР ҰНАМАЙДЫ!
01.12.2020 12:04
2132
0

Төрт түрлі орында сөйлесу Аллаға ұнамайды:

1. Жаназаның артынан кетіп бара жатқанда;
2. Құран Кәрім оқып отырғанда;
3. Жұма күні хұтба тыңдап отырғанда;
4. Діни еңбектер оқып, ислами мәселелер талқыға түскенде;

Бес жерде қарау Аллаға ұнамайды:

1. Намазда оңды-солды қарау;
2. Моншада шомылғанда, басқалардың әурет жеріне қарау;
3. Жолда кетіп бара жатқанда, үйлердің терезелері мен есіктерінен ішке үңіліп қарау;
4. Байлығы өзінен жоғарыларға сұқтана қарау;
5. Діндарлықта өзінен төмен тұрған кісілерге қарау.

Бес нәрсені тыңдау Аллаға ұнамайды:

1. Тыңдаушыға жаман ой салып, нәпсіні қоздыратын әндер тыңдау;
2. Марқұмның артынан дауыстап жылаған кісіні тыңдау;
3. Елді күлдіру үшін күнәлі сөздер сөйлеген лепірмені тыңдау;
4. Екеуара сыбырласып сөйлескен кісілерді тыңдау;
5. Есіктің ар жағында сөйлесіп жатқандардың жасырын сөзін тыңдау.

Бес жерде күлу Аллаға ұнамайды:

1. Жаназаның қасында;
2. Қабірде;
3. Бәлеге тап болғанда;
4. Құран оқылған кезде;
5. Ислами мәселелер талқыланып жатқан мәжілісте.

 

0 пікір