ЕЙ, ОЛ ЖАҚҚА КІМ БАРЫП КЕЛДІ ДЕЙСІҢ?!.
ЕЙ, ОЛ ЖАҚҚА КІМ БАРЫП КЕЛДІ ДЕЙСІҢ?!.
29.03.2020 12:27
569
0

Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар  несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахынасында небір де жайсаң – жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді.  Алла Тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан – жануарлардың тілін білетін муғжиза берді.   Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта:

- Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:

- Мен көлдің жағасында отырып, көлге бір балықшының келгенін көрдім. Ол жерді қопарып  қып – қызыл құрт тауып алды да: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Ұлы Алласын аузына алмай сөйледі. Осыны естіп балықтарды ескертпекке суға түстім.

-Я, балықтар сыртта бір адам жерден қызыл құрт тауып алып: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Алласын ұмыт қалдырды. Егер құртты көрсеңдер оның астында істік темір бар, оған іліксеңдер балықшы сендерді судан суырып алып, қуырып жейді” – деп ескерттім.  Бір үлкен балық келіп : “Ей, ол жаққа кім барып келді дейсің?” – деп бірінші болып қармақты қапты да жіберді.

 

0 пікір