ДҮНИЕ АҚЫРЕТТІҢ ЕГІСТІГІ
ДҮНИЕ АҚЫРЕТТІҢ ЕГІСТІГІ
14.09.2021 09:17
154
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла жолында бір түн күзетте тұру -  түні құлшылықпен, күндізі оразамен өткен мың түннен абзал». (Хаким, «әл-Мүстәдрак»)

Адам ақырет өмірін жақсы қамтамасыз етуі үшін дүниеде көп тырысуы керек. Уақытты босқа өткізбей рухани мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі қажет. Алла Тағалаға қарсы келмей мойнындағы міндеттерді орындауы ләзім. Еш шүбәсіз Алла Тағала Ғалым (барлық нәрсені біледі), Хаким (хикмет иесі), барлық нәрсеге күші жетеді, Жаратқан әр нәрсесін бір хикметпен, бір мақсатпен жаратқан. Оның мүлігінде қажетсіз жаратылған еш нәрсе жоқ. Демек адамдардың жаратылуының да бір себебі бар. Яғни бұл дүниеде жүктелген құлшылық міндеттерін әдемілеп орындап, мәңгілік өмірде ұдайы Илаһи нығметке жетуі үшін жаратылған. 

Алла Тағала адамдарға ақыл берген, пікір берген, нығмет, күш және таңда құқығы берген, оларды тура жолға шақыру үшін Пайғамбарлар жіберген, кітаптар түсірген. Адамдар сонда да надандық ұйқысына кетіп, нәпсінің құлы болып, адасып, мойындарындағы құлдық міндетін орындамаса, күнә жасай берсе кешіріле ме? Азапқа душар болмай ма?!

 Құран Кәрімде де (мағынасы) «Және дүниедегі нәсібіңді ұмытпа» (Қасас сүресі, 77-аят) деген. Дүниедегі нәсіпті хадис шәріпте: «Дүние ақыреттің егістігі» деп айшықтаған. Яғни ақыретте пайда беретін нәрсі, ізгі амал. Әйтпесе дүниеден мүлік ретінде адамның алып кетері тек кепен ғана.

Омар ибн Хаттаб (р.а.) адамдардан бұрын мешітке баруды әдетке айналдырған еді.

 Бір күні мешітке бара жатқанда бір баланың мешітке асығыс бара жатқанын көрді.

Хз. Омар (р.а.):

 «Мешітке неге асығып барасың? Саған намаз әлі парыз емес қой» - деп баладан сұрады.  

Бала:

«Уа, мүміндердің әміршісі! Кеше менен де кішкентай баланың қайтыс болғанын көрдім. Қалай мешітке асықпайын?» - деді.

Баланың бұл жауабын естіген Омар (р.а.) ұзақ жылады. 

 

0 пікір