ДІННІҢ СЕГІЗ НЕГІЗІ
ДІННІҢ СЕГІЗ НЕГІЗІ
25.07.2019 12:49
337
0

1) Таухид. Алла тағаланы бір, жалғыз деп білу және сол сенімде нық тұру;

2)  Әділдік.  Дүние істерінде және шариғат үкімдерінде әрқашан тура болу, үнемі шындықты айту;

3)  Имамат (басшылық). Дін және дүние істері бірдей келген кезде, алдымен діни істерді орындау;

4)  Нубуәт (пайғамбарлық). Пайғамбарымыз Мұхаммед аләйһиссаләмды және одан алдын өткен барлық пайғамбарларды мойындау;

5) Әмр мағруф (жақсылыққа үндеу). Алла тағала Мұхаммед аләйһиссаләм үмбетіне бұйырған істерді орындау және басқаларға оны үндеу;

6)  Нәһи мункар (жамандықтан тыю). Алла Тағала тыйым салған істерден сақтану және басқаларды одан қайтару;

7) Тәуаллә (достасу). Алла Тағаланың достарын дос тұту (пайғамбарлар, сахабалар, ақиқат жолдағы, сенімі айқын, иманы кәміл барлық ғұламалар, намаз бен оразасын қаза етпейтіндер, Алланың әміріне бойсұнғандар – Оның достары);

8)  Тәбарра астасу). Алла Тағаланың дұшпандарын дұшпан деп білу.

 

 Дайындаған: Х.Аманқұлов

 

0 пікір