Біздің көңілімізде күмәннің титтейі де жоқ
Біздің көңілімізде күмәннің титтейі де жоқ
10.06.2019 01:33
118
0

Ұлы әулие Хазірет Жүнейһ Бағдади бір топ адамның құмартқан түрде, жанталасып бір жаққа қарай жүгіргенін көреді де олардан сұрайды:

«Қызығып, жан,таласып қайда бара жатырсыңдар?».

 Олар:

«Пәлен жерге бір ғалым келген екен! Алла Тағаланың бар және бір екендігін мың бір дәлелмен түсіндіріп жатыр екен! Соның дәлелдері мен түсініктемелерін тыңдауға кетіп бара жатырмыз. Қаласаң сен де кел»,-дейді.

Хазірет Жүнейһ те оларға күлімдеп:

«-Көретін көздер, еститін құлақтар және сезетін жүректер үшін әлемде Аллаға деген сансыз куәлік белгілері, дәлелдері бар. Алла Тағаланың тіке өзі туралы қаншама куәлігі бар. Ей, жамағат! Осы халде де шүбәсі болған кісінің жолы болсын, барсын! Біздің көңілімізде күмәннің титтейі де жоқ»,-депті.

 

0 пікір