Бір
Бір
17.05.2019 11:17
428
0

Бір адамның тәні қалай атом бөлшектерінен құралған болса жұлдыздар да дәл солай атом бөлшектерінен құралған. Тіптен барша ғаламшардағы, бір әлемдегінің бәрі тек сол бір атом бөлшектерінен ғана құралған. Әрбір заттың негізін зерттейтін болсақ ғарыштағы қандай бір заттың құрамы мен шыбынның қанаты да сол бір атом бөлшектерінен жаралғандығын көреміз. Бір ғана бөлшектен аспанда жұлдыздар жер бетінде сан мың түрлі  алуан түсті жаратылысты жарату...

Бір құстың қанаты алуан түрлі болуы үшін қолданған гидрогенді атом Гидро галактикалар арасындағы бір галактиканың ішінде айналып тұрған тозаң бұлттардың гидрогендік атомы екеуі бірдей. Басқаша айтар болсақ әрбір атом бөлшегі әлемді жарата алатындай етіп жаратылған. Осынау әлемнің ең кішкентай бөлшектердің жадында барша әлемнің жобасы жазылып сақталған.

Әлемдегі барша жаратылыстың ең кішкентай бөлшектен сонау галактикаларға дейін бәрінде бірліктің мөрі басылған. Үлкенді-кішілі, жанды-жансыз барша жаратылыс сан мыңдаған хал тілімен өздерін жаратқан жаратушының бар екендігіне куәлік етіп және соған айқын дәлелдер көрсетуде.

0 пікір