Басшыларға кеңес
Басшыларға кеңес
22.07.2019 09:44
1204
0

 Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жан-жаққа басшы қызметке тағайындаған сахабаларына жиі-жиі кеңес айтатын. Мысалы, Йеменге әкім әрі қазы сайланып жолға шыққалы тұрған Муаз ибн Жәбәлге: «Ей, Муаз!Йемендіктерді алдымен Алладан басқа құлшылыққа лайық тәңірдің жоқ екенін және менің де Алланың елшісі екенімді біліп тануға шақыр! Егер осы екі куәлікті танып қабылдаса онда оларға күнде бес уақыт намаз парыз екенін үйрет. Егер мұны мойындаса Алла Тағаланың оларға малдарынан зекет беруді парыз еткенін  жеткіз. Зекет байлардан алынып кедейлерге беріледі»,-деп насихат айтқан.

Қызметкерлердің пара алуына қатаң тиым салып:

«Мен сендердің біреуіңді Алланың маған жүктеген бір ісіне тағайындасам, ол адам маған келіп: «Мыналар сізге тиеселі, ал мыналар маған берілген сыйлықтар»,-дейді. Егер әлгі адам дұрыс айтқан болса, сол сыйлықтар әкесініңүйінде отырғанда неге келмейді?! Уаллаһи, кімде-кім хақсыздықпен (пара ретінде) бір нәрсе алған болса міндетті түрде қиямет күні Алланың алдына соны мойнына асып алған күйінде шығады...»,-деген (Муслим, Имара,26)

 

0 пікір