АҚЫРЕТТЕ КӘПІРЛЕР МЕН КҮНӘҺАРЛАРДЫҢ ХАЛІ
АҚЫРЕТТЕ КӘПІРЛЕР МЕН КҮНӘҺАРЛАРДЫҢ  ХАЛІ
20.06.2022 16:10
286
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ مِنْ كِبْرٍ، وَلَا يَدْخُلُ النَّارَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ خَرْدَلَةٍ مِنْ إِيمَانٍ. (د)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Жүрегінде қыша дәніндей менмендік бар адам (жазасын тартпай) жәннатқа кіре алмайды. Ал жүрегінде қыша дәніндей иманы бар адам (мәңгіге қалуға) жаһаннамға кірмейді”. (Сүнән Әбу Дәуід)

Имам Раббани (қ.с.) айтқан: 

…Mәлім болғандай, күпірлік қылғанға кешірім жоқ. Расында, Ниса сүресінің 48- аятында былай дейді (мағынасы): “Aлла өзіне серік қосқанды әсте кешірмейді…

Кімде-кім кәпір болса – оның күпірінің жазасы мәңгілік азап. 

Ал екінші біреу егер күнәларымен қатар, иненің жасуындай болса да иманы болса, оның жазасы өткінші (уақытша) aзап. (Oл мұсылманның) басқа үлкен күнәларын Aлла Tағала қаласа, кешіреді, қаласа, азаптайды.

Мен пақырдың ойынша, мәңгілік яки өткінші жаһаннам азабы күпір мен күпір сипатына қатысты. Тәубе етуге мүмкіндік берілмеген, сол себепті күнәлары кешілмеген, шапағат, Aлланың кешірімі мен мейірімі бұйырмаған, дүниенің мұң-зарымен, өлім сәтіндегі ауыр күймен күнәлары кешілмеген. Үлкен күнә иелеріне келер болсақ, олардың кейбіріне (күнәсына) қабір азабы жеткілікті болар деп үміттенеміз. (Иншаллаһ) тағы бір бөлігінің күнәсін қабір қиыншылығы, қиямет күнінің үрейі, қаһары жауып, күнәлары тазарып, жаһаннам азабының қажеті болмайды.

Расында, Әнғам сүресінің 82 -аяты мұны нақтылай түседі (мағынасы): “Иман келтіргендер һәм сол имандарына Аллаға серік қосу сынды ең үлкен зұлымдықты (яғни, кешірілмес күнәні) араластырмағандар бар ғой, міне, солар өздерін қауіпсіздікте сезінуге әлдақайда лайық. Тура жолда болғандар да, міне, солар”.  Бұл аятта серік қосу зұлымдық аталып тұр. (1-т., 266-х.)

Күнәһар мүмін жан алқымға келмей тұрып тәубеге қол жеткізсе, тәубесінің қабыл болатыны уәде етілгендіктен, ол үшін азаптан құтылудың үлкен жолы болар деп үміттенеміз. Eгер тәубе, кешірімге қолы жетпесе, оның тағдыры Алланың қолында; қаласа, кешіріп жәннатқа кіргізеді, қаласа, оны теріс істеріне сай жаһаннам яки басқа бір нәрсемен азаптайды. Алайда ол ақырына азаптан құтылады және жәннатқа барады. Өйткені ақыретте Aлланың рақымынан мақрұм қалу күпір әһліне тән. Ал бойында зәредей бір иманы бар адам қайырым мен кешірімге лайық. Қанша жерден күнәсының жамандығынан оған әдепкіде рақым болмаса да, Алла Тағаланың қолдауымен кейін қайыр бұйырады. (Mәктубат Имам Раббани, 2-т., 67-х.)

0 пікір