АҚЫРЕТ ӨМІРІ
АҚЫРЕТ ӨМІРІ
31.03.2020 12:11
548
0

Ақырет өмірі «әрі осы өмірдің соңы әрі өлім арқылы басталатын мәңгілік өмірді» қамтиды. Ақыретке иман - исламнің сенім негіздеріне жатады. Құранда көбінесе  Аллаға иман мен ақыретке иман бірге айтылады. Аятта «...Кімде-кім Алланы, періштелерін, кітаптарын, пайғамбарларын және ақырет күнін жоққа шығаратын болса, қатты адасқаны»(Ниса сүресі, 4/136) делінеді.

 Ақырет өмірі-мәңгілік, дүние өмірі-пәни. Анкабут сүресінің 64-аятында «Бұл дүниеніңөмірі тек алдамшы ойын ғана. Ақырет еліне келсек , міне шынайы өмір сол. Әттең білгенде!» делінеді.

 Ақыретке иман еткен адам, өмірін дұрыс бағалап, сол күнге әзірлік жасауы тиіс. Құран сол Ұлық күннің қорқынышын былай деп баяндайды: «Ей адамдар! Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар. Өйткені қиямет сілкінісі өте үлкен нәрсе. Оны көрген күні бала емізген әйел баласын ұмытады, әрбір жүкті әйел құрсағындағы баласын түсіреді. Адамдарды мас сияқты көресің, алайда олар мас емес. Расында Алланың азабы өте қатал» (Хаж сүресі, 22/1-2)

 

 

0 пікір