АЛЛАНЫ КЕШІРУШІ ДЕП БІЛУ!
АЛЛАНЫ КЕШІРУШІ ДЕП БІЛУ!
26.10.2020 09:00
225
0

Әрине Алла Тағаланың мейірімі, кешірімі мол. Ол біз ойлағанымыздан да көбірек мейірім иесі. Бірақ осыған жүгініп, күнә істеу үлкен қателік. Өйткені күнә істеушілер, яғни ашық түрде Аллаға қарсы шығушылар әрине жазаланады. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай: «Ей, адамдар, Раббыларыңнан және сондай бір күннен қорқыңдар, ол күні әкенің баласына, баланың да әкесіне пайдасы болмайды. Әлбетте, Алланың (есепке тарту) сөзі – хақ. Олай болса, дүние өмірі сендерді алдатпасын, шайтан (Алла мейірімді, рақымдылығы мол, бәрін кешіреді деп, ғибадаттардан айырып, күнә істету арқылы) сендерді алдатпасын!» (Лоқман 33).

Барлық күнәлардан сақтану керек, ешбір күнәні кіші көрмеу керек, өйткені Алла Тағала күнәһарлардың, залымдардың жазаларын беруден мүлдем тартынбайды. Ол ашуын күнәлар арасында жасырған. Кіші саналатын бір күнә да ашуына себеп болуы мүмкін. Жылдар бойы ғибадат жасаған бір құлын бір күнә үшін мәңгіге жазалауы мүмкін. Мұны Құран Кәрім білдірді. Екі жүз мың жыл бағынған шайтанның тәкәппарланып, сәжде етпегені үшін мәңгіге малғұн болғаны хабар беріледі. Хазреті Адамның баласы біреуді өлтіргені үшін мәңгі тозақтық болды. Олай болса, үлкен-кіші барлық күнәлардан сақтануымыз керек.

 

0 пікір