АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУШЫ АДАМНАН ШАЙТАН ҚАШАДЫ!
АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУШЫ АДАМНАН ШАЙТАН ҚАШАДЫ!
13.07.2020 11:15
525
0

* «Сендерден кез келгенің ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін түйіп, әр қайсысына: «Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта!» деп түйген жеріне ұрады. Егер адам оянып, Алланы еске алса, онда бірінші түйін шешіледі. Ал егер дәрет алса, екінші түйін шешіледі. Ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі» деген.

 * Әрбір мұсылман тамақты ауызға алмас бұрын «Бисмилләһ», яғни, «Алланың атымен бастаймын» деп айтуы қажет. «Кісі үйіне кіргенде және тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алса, шайтан: «Бізге (бұл үйде) түнейтін орын да, кешкі ас та жоқ» дейді. Ол (үйіне) кіргенде Алланы есіне алмаса: «Біз түнейтін орын таптық» дейді. Ал тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алмаса (шайтан): «Біз түнейтін орынды да, кешкі асты да таптық» дейді. (Муслим).

 

0 пікір