АЛЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ...
АЛЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ...
02.02.2023 10:09
216
0

АЛЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ:             

 • Телефон секілді бірлік салудың қажеті жоқ;

• Мазалайтын мәселеңді бүге-шүгесіне дейін түсіндірмейсің;

• Сөзім естілмеді ме деп қайталап, дауысыңды көтермейсің;

• «Уақытыңыз бар ма?» деп сұрамайсың;

• Арнайы мекенге іздеп бармайсың;

• Кез келген жамандығыңды ұялмай айта аласың;

• Істеріңді талқыға алып, айып тақпайды;

• Сөйлесу үшін белгілі бір уақытты күтпейсің;

• Оның алдында жылауға ұялмайсың.

Сөйте тұра, Ол сенің барлық дұға-тілегіңе жауап береді. «Ғафир» сүресінің 60-аятында бұл туралы: «Мені шақырыңдар (Менен сұраңдар), жауап беремін (тілектеріңді қабыл етемін)» делінген. Аллаһ Тағала қолын жайған пендесін бос қайтаруға ұялады...

 

 

 

0 пікір