Әбу Бәкір Сыддық (р.а) былай деген екен:
«Аллаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді.
Біріншілері, Алладан қорқып құлшылық етеді.
Екіншілері, рахымына үміт етіп ғибадат қылады.
Үшіншілері, Аллаға деген махаббатпен ғибадат етеді.
Біріншілерінің үш сипаты бар:
өзін-өзі төмен санайды,
жақсылығын аз деп есептейді,
жамандықтарын көп деп ойлайды.
Екіншілерініңде үш белгісі бар:
әрбір жағдайларында адамдарға үлгі болады,
дүниеде жомарттық жасауда адамдардың бәрінің алдында болады,
халықтың ішіндегі Алла Тағала туралы ең жақсы ойлайтыны болады.
Үшіншініңде үш сипаты бар:
Алланың разылығы үшін ештеңеге мән бермей, өзінің ең жақсы көретін нәрсесін садақаға береді,
Алланың разылығынан соң өзін-өзі қатты сынайды,
барлық істерінде, жақсылыққа бұйыруы мен жамандықтан тыюында өзінің Иесімен бірге болады».