АЛЛАҒА ИМАННЫҢ ӘСЕРІ
АЛЛАҒА ИМАННЫҢ ӘСЕРІ
16.04.2020 00:19
255
0

Бүгінгі таңда мұсылман саналатын аймақтардың денінде неше түрлі жек көрінішті, әрі ауыр қылмыстық істер жасалынып жататынын көп байқаймыз. Сонымен, арнайы айналысатын адамдар бар. Одан бөлек, айналамызда өтірік сөйлейтін, не ғайбат айтатын, сауда-саттықта өзгелерді алдайтын, таразыдан жейтін, сүтке су қосатын т.б. ұнамды емес өрескел тірлік жасап жүрген адамдар жоқ емес. Сондай-ақ, аузынан жаман сөз шығатын, дөрекі сөйлейтін, бір-біріне ренжитін және ашуланып кек сақтайтын адамдар да ұшырасып жатады. Бұлар да өзінше Алла Тағалаға иланатын, ақыретке сенетін мұсылмандар саналады. Алайда, Аллаға имандары оларға осындай жаманшылықтарды жасаудан тия алмады. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмір сүрген дәуірді еске алсақ, ол дәуір қандай еді. Ол кезде аталмыш жаманшылықтардан да асып түсетін істер жасайтындар бар еді. Алайда, ол адамдар мұсылмандықты, исламды қабалдағаннан соң бұл жамандықтарға пышақ кескендей тыйым салды. Тап-таза өмір сүруге барын салды. Тіпті, жаманшылық жасап жатқан адамды көргенде бір-бірін тоқтатуға, тыйым салуға асықты. Олар жазаның ақыретке қалмай, осы дүниеде өтеліп кеткенін қалады. Ендеше, осы жерден қорытынды шығаратын болсақ, егер жүректе иман күшті болса, ол адам өмірінің барлық саласына әсер етпей қоймайды. Мәселен, көктем келгенде бүршік атып, бар тіршілік тіріліп, жеміс бере бастайтын ағаш секілді болады. Жүрегіне иман қонған адамның жүруіне, ішіп-жеуіне, сауда-саттығына, күнделікті тіршілігіне, тіпті ой ойлауына дейін әсері тиеді. Ал егер иман әлсіз болса, бұл әсер де аз болмақ. Еленбеуі де мүмкін. Олай болса, әманда имандылықтың айдынында емін-еркін жүзіп, адамдық мәртебеңізді асқақтата беріңіз.

0 пікір