АЛЛА ТАҒАЛАҒА, ПЕРІШТЕЛЕРГЕ, ПАЙҒАМБАРЛАРҒА СӘЛЕМ ЖОЛДАУ ҮЛГІСІ
АЛЛА ТАҒАЛАҒА, ПЕРІШТЕЛЕРГЕ, ПАЙҒАМБАРЛАРҒА СӘЛЕМ ЖОЛДАУ ҮЛГІСІ
24.03.2020 10:06
307
0

Ертеректе сахабалар Аллаға деген сүйіспеншіліктерінің молдығынан: “Аллаға  сәлем болсын! Жәбрайлге сәлем болсын!”,-деп айтатын. Сонда Алла  елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың: “Аллаға  сәлем болсын”,-деуілерінің қателігін айтып: “Расында, Алла өзі әс-Сәләм (амандық иесі). Қайсыбірің намаз оқыса: “Әт-тәхияту лилләһи уассалауәәту уат-таийбәәт (яғни: Сәлемдесулер, дұғалар және жақсы нәрселер Аллаға тән)“,-десін”,-деп түсіндірген екен. ұхари, Муслим). Алланың өзі амандық пен есендік иесі болса, Аллаға  амандық тілеп, дұға жасау сәл қисынсыз болып табылады. Сол үшін бұлай дегеннің орнына оларға: “Сәлемдесулер, дұғалар және жақсы нәрселер Аллаға тән”,-деп айтуды бұйырған. Осы хадис арқылы біз “Әссәләму ғалә Аллаһ” деп айтылмайтынын біле аламыз.

* Сондай-ақ, адам өзіне-өзі амандық тілеп, дұға айтуына болады. Намаз соңында оқылатын “Әт-тахият” дұғасына назар аударсақ, ол жерде біз: “Әс-сәләму ғаләйнә уә ғалә ғибәәдилләһис-соолихийн (яғни: Бізге және Алланың ізгі құлдарына сәлем болғай!)”,-деп дұға жасаймыз. “Әт-тәхият” дұғасындағы осы бір сөйлемді тілімізбен айтқанымызбен, көп адам оны жүрегімен қабылдамайды. “Әс-сәләму ғаләйнә уә ғалә ғибәәдилләһис-соолихийн (яғни: Бізге және Алланың ізгі құлдарына сәлем болғай!)”,-деген кезде біздің бұл сәлеміміз жер бетіндегі барлық ізгі мұсылмандарды, пайғамбарларды, оларға еруші сахабаларды, көктер мен жердегі періштелерді қамтып кетеді. Бір ауыз сөзбен осынша жаратылысқа сәлем жолдау үлкен нығметтердің бірі.

* Періштелер мен пайғамбарлар есімдері аталған кезде “Ғаләйһис сәләм” деп, яғни “Оларға сәлем болсын” деген жақсы. Періштелер мен пайғамбарларға сәлем жолдауға болатынына “Әт-тахият” дұғасының соңғы: “Әс-сәләму ғаләйнә уә ғалә ғибәәдилләһис-соолихийн (яғни: Бізге және Алланың ізгі құлдарына сәлем болғай!)”,-сөйлемі дәлел. Бұл сөйлем барлық періштелер мен пайғамбарларды қамтып кететіндігін жоғарыда айтып өткен болатынбыз.

 

0 пікір