«Алла» және «Тағала» сөзі туралы
«Алла» және «Тағала» сөзі туралы
12.07.2019 13:16
715
0

Алланың есімдеріне «тағала» сөзін қосып «Алла Тағала», «Хақ Тағала», «Құдай Тағала» және осы сынды тіркестерді журналистер қауымы жиі қолданатыны рас. Бірақ Жаратушының сипаты ретінде қосарлана жүретін «тағала» сөзі бір жерде кішкене, бір жерде бас әріптермен кетіп жатады. Сонымен қатар, бір басылымдарда Құдай Тағаланың есімі «Аллаһ» болып, басқа басылымдарда «Алла» күйінде қолданылып жүр. Осыған орай, ҚМДБ жанындағы Ғұламалар Кеңесі арнайы шешім шығарды. Енді "Алла" сөзін "һ" әрпінсіз және «Тағала» сөзін тек бас әріппен қолданылатын болады.  

muftyat.kz

 

0 пікір