ӘЛ-ҚУРТУБИ ӨЛІМ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕДІ?
ӘЛ-ҚУРТУБИ ӨЛІМ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕДІ?
09.09.2020 11:21
1133
0

Әл-Қуртубидің «әт-Тәзкира» атты кітабында:

«Ей, дүниеге алданушы! Өлім мен оның арпалысы жайлы және жан берудің қиындығы мен ащылығын ойла! О, ажал! Қандай ақиқат уәде, әділ төреші еді?!. Өліммен жүректер үрейге толады, көздерден жас сорғалайды, жамағаттар тарайды, ләззаттар бұзылады, үміттер үзіледі!.. Ей, адам баласы! Бір күн болса да өлер күніңді және орныңнан көшетініңді ойладың ба? Егер кеңшіліктен таршылыққа ауыстырылсаң, саған достар мен жора-жолдастар қиянат қылса, жақындарың мен бауырларың тастаса, көрпе-төсегіңде қатерге алынсаң, жылы-жұмсақтан кейін сені топырақлаймен ораса (халің не болар еді?)...

Ей, мал-дүние жинаушы! Ғимараттар салушы! Алламен ант етейін! Саған мал-дүниеңнен кебін ғана бұйырады. Дүниең құриды, жоғалады, ал денең топыраққа қайтады...

Қане, жинаған мал-дүниең қайда?! Сені қорқыныштардан құтқарды ма?! Жоқ! Керісінше, сен оларды өзіңді мақтамайтындарға тастадың да, сені кешірмейтінге күнәларыңмен келдің!» – делінген.

 

 

0 пікір