Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 12
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 12
21.09.2019 14:50
142
0

: قال الامام ابو حنيفة
والآياتُ للأنبياءِ والكراماتُ للأولياءِ حقٌ. وأما التي تكونُ لأعدائِهِ مثلِ إبليسَ وفِرْعَوْنَ والدجالِ مما رويَ في الأخبارِ أنهُ كانَ لهم فلا نسمّيها ءاياتٍ ولا كراماتٍ، ولكنْ نسمِّيها قَضاءَ حاجاتٍ لهم، وذلكَ لأنَّ اللهَ تعالى يقضِي حاجاتِ أعدائِهِ استدراجًا وعقوبَةً لهم، ويزدادونَ عصيانًا أو كفرًا، وذلكَ كلُّهُ جائِزٌ وممكِنٌ. وكانَ اللهُ خالقًا قبلَ أنْ يَخْلُقَ، ورازقًا قبلَ أنْ يَرزُقَ. واللهُ تعالى يُرَى في الآخرَةِ، ويَراهُ المؤمنونَ وهُم في الجنةِ بأعينِ رؤوسِهِم بلا تشبيهٍ ولا كيْفِيَّةٍ ولا جِهَةٍ ولا يكونُ بينَهُ وبينَ خَلقِهِ مسافَةٌ

 

 

(III – Елшілерге иман келтіру; Мұнда Имам Ағзам Әбу Ханифа, Елшілерге иман келтірудің бір бөлшегі болған муғжизаларды және Әз елшіден келген хабарларды ашықтауын жалғастыруда. Осыған орай Құран және сахих хадистер мен бізге нақыл етілген муғжизалар ақиқат болып тадылады. Имам Матуриди, Китабут-Тәухид кітабында бұл мәселені түсіндіру барысында, боз ғұламалардың мақұлдаған хадистерін кең көлемде жеткізген. Елшілерден өзге таңғажайып жағдайлары болған кісілер, салих жандар әулие қатарынан әрі олардан болған таңғажайып істерге керемет делінеді. Аллаһтың дұшпаны Ібіліс, перғауын және дажжал секілділерден болған істерге мән берілмей, оларды истидраж деп атайды. Бұл жағдай оларға адамдардың күпірлігі арта түсу үшін Аллаһтың берген мүмкіндіктері.

Келесі мәселе сондай-ақ Құран және сахих хабарларда айтылғандай Аллаһ ұжмақта көрінеді.)

Елшілерге иман келтіру – 4:

Имам Әбу Ханифа (әл-Фиқһул-Әкбар да) былай дейді:
«Елшілердің муғжизалары және әулиелердің кереметтері хаққ. Бірақ, (сахих) хабарларда келгендей шайтан, перғауын және дажжал сықылды Аллаһ дұшпандарынан көрінген, пайда болған (таңғажайып) жағдайлар олардың өздеріне тиесілі бір жағдай. Біз бұл жағдайларға муғжиза немесе керемет деп айтпаймыз яғни әспеттемейміз. Керісінше, олардың (зұлымдық және күнә жасарда) мұқтаж болған нәрселердің (өткінші ғана) ортаға шыққаны дейміз. Өйткені Аллаһ, дұшпандарының мұқтаждықтарын жүзеге асырып, олар үшін бір истидраж және жазалау (себебі) болуы үшін. Оларда (осы мүмкіндікке алданып) қарсы шығып және күпірлікке белшесінен батады. Бұлардың барлығы (уақытша) қуатты болып, берілген мүмкіндік бойынша іске асыра алады.
Ұлық Аллаһ, жаратудан бұрын да жаратушы және ризықтандырудан бұрын да ризық беруші болып табылады.

Аллаһ ақиретте көрінеді. Момындар Аллаһты жаннатта, ұқсау/ұқсатусыз, пішін/кейіпсіз және тараптан пәк күйде ет көздерімен көреді.)

 

Ашықтау: 
1 – Елшілердің муғжизалары: Елшілерге жәрдем және өз рисалаттарын дәлелдеу үшін кей кезде таңғажайып нәрселер беріледі. Олар бізге аяттар және сахих хадистер арқылы жеткен. Мұса және Иса (Ол екеуіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ның мұғжизалары секілді... Алғашқы елшілерден өзгеше түрде Расулімізге мұғжизалы бір Кітап берілген. Ол кітаптың ерекшелігі мол теңдессіз бір әдеби тілге ие болуы және қияметке дейін өзгермейтін болуы еді. Алғашқы қасиетті кітаптарда бұл ерекшелік жоқ болатын және елшілерінен соң ең ұзағанда жүз жыл ішінде тахриф етілген еді. Бірақ ҚҰРАН соңғы кенже кітап болғандықтан өзгеріске ұшырамайтын бір ерекшелікке ие. Бұл мұғжиза Құтты елшімізден соң он бес ғасыр өтседе жалғасуда әрі қияметке дейін осылай жалғаса береді. ҚҰРАНнан басқа Сұңғыла елшіден бізге жеткен мұғжизалар шаш етектен. Исра және миғраж, шәққы қамар және судың молаюы сынды.. Имам Матуриди, Китәбут Таухид атты еңбегінде бұл тақырып бойынша бізге жеткен және ғұламалардың қабылдаған сахих хадистерін де атап өтіп Дана елшіміздің Құраннан басқа мұғжизаларын бөлек бір тақырып етіп алып ашықтау жасаған.
2 – Әулиелердің кереметтері. Уәли; үнемі құлшылықтарды атқарған, таза және көркем мінез иесі болған, әрдайым күнәлардан басын алып қашатын ізгі адам деген сөз. Аллаһ осындай кісілерге таңғажайып жағдайлармен жәрдем етеді. Осы жағдайларды керемет деп атайды. Керемет Құран және сүннетпен бекітілген. Құранда Мәриямға ұсынылған жемістер, Сүлейман ғ.с жанындағы ізгі жан, үңгір жолдастарының 309 жылдан астам ұйықтауының бәрі кереметке дәлелдер. Сахих қуатты хабарларда Омар рһ ұзақтағы жасақты Мәдинада отырып басқаруы және Халид бин Уәлидтің у ішседе аман қалуы сынды саңлақ сахабалардан және одан кейін келген ізгі жандардың басынан өткен қаншама керемет мысалдары келіп жеткен. Керемет әулиелікті дәлелдеу үшін көрсетілмейді. Бұл, Аллаһтың салих құлдарына бір жәрдемі әрі құрметі десек болады. (қар.з Алиюл-Қари, Шәрхул Фиқһул Әкбар,168-169). Барлық ізгі жандар қабылдағанындай ең үлкен керемет болса, тұп-тура жолдан таймау. Әһлі сүннеттің көзқарасы осындай. Муғтазила айтуы бойынша, керемет пен сиқырдың шын сиқы жоқ. Шиға мазһабының бір тармағы Жағфарилардың көзқарасы бойынша, 12 имам ғана керемет көрсете алады деген пікірді алға тартады. Міне бұл ағымдар кереметке қатысты қаншама дәлел бола тұра, өкінішке орай ақиқаттарды жоққа шығарған.
3- Кәпірлердің истидражы: Аллаһқа иман етпеген немесе дұшпандық жасаған кісілерден де кейде таңғажайып дүниелер көрініп жатады. Шайтанның бір сәтте дүниенің шығысына және батысына жетуі, адам баласының тамырларында жортуы және Тажал шыққан кезде бір кісіні өлтіріп әрі қайта тірілтуі секілді жағдайлар бізге сахих хадистермен келген. Міне осылар Имам Әбу Ханифаның айтқанындай истидраж деп аталады.  ИСТИДРАЖ термин ретінде; Аллаһтың дұшпандары кәпірлердің, пәлекетке жол алғанда өтпелі түрде оларға таңғажайып жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл жағдай олардың күпірлік әрі азғындықтарын одан әрі арттыра түседі. Жеңіс буымен олардың өмірлері босқа өтіп және жасағандарының есебін беру үшін Аллаһтың құзырына сүйретіліп әкелінеді. Сондықтан абай болатын жағдай бір адам ізгі құл болмаса не жасаса жасасын оған мүлде сеніп алдануға болмайды. Өйткені жасағандары тек қана истидраж болады.
4 – Аллаһтың Сипаттары ежелден бар және мәңгілік. Имам Ағзам, Аллаһтың екі сипатынан мысал беруде... Бұл сипаттар кейіннен пайда болмаған. Керісінше әзәли әрі әбәди. Аллаһу Тағала заты және сипаттарымен теңдессіз әрі ұқсассыз болып табылады.
5 – Руятуллаһ (Аллаһтың ұжымақта көріну жайлы): Құран және сахих хадистертің берген хабары бойынша, жәннатта Аллаһ көрінеді. Құран да: (وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاضِرَةٌ ، إِلَى رَبِّهَا نَاظِرَةٌ) «Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; Раббына қарап тұрады» (Қиямет сүресі 22-23). Көптеген сахаба және тәбиғун тарапынан жеткен хадисте Ғарышкер елші былай деген: «...Әлбетте, сіздер бәдр (толған) айды көрген сияқты бір бірлеріңе бөгет болмастан Раббыларыңды көресіздер». (қар.з Бұхари, Mәуақитус-салат, 15; Mүслим, Mәсәәжид, 211 (633); сондай-ақ Aхмет бин Ханбәл, Әбу Дәуіт, Tермези және Ибн Мәжа сынды хадис жинақтарында келген.) Муғтазила ағымының көзқарастары бойынша, Аллаһ ұжымақта да көрінбейді. Оған дәлел ретінде олар Ағраф сүресінің 143 ші аятындағы «...Уа, Раббым! Маған көрінші, Жамалыңа бір қарайыншы деді. Сонда Аллаһ: «Мені әсте көре алмайсың»...» дегенді алға тартады. Негізі бұл осы өмірде делінген болатын. Ал олардың бұл сандырақтары жоғарыда аталған аят, хадис әрі сәләфу-салихиннен жеткен сенім жүйесіне толықтай қарама қайшы.

Баянауыл ауданы «Мұса мырза»

мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

 

0 пікір