Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 11
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 11
21.09.2019 14:48
342
0

قال الامام ابو حنيفة

والمسحُ على الخفينِ سنةٌ، والتراويحُ في شهرِ رمضانَ سنةٌ . والصلاةُ خَلفَ كلِّ بَرٍ وفاجِرٍ من المؤمنينَ جائزةٌ. 
ولا نقولُ إنَّ المؤمنَ لا تضُرُهُ الذنوبُ. وإنهُ لا يدخلُ النارَ، ولا إنهُ يخلدُ فيها وإنْ كانَ فاسقًا بعدَ أنْ يخرجَ منَ الدنيا مؤمنًا، ولا نقولُ إنَّ حسناتِنا مقبولةٌ، وسيئاتِنا مغفورةٌ كقولِ المُرجِئَةِ ولكنْ نقولُ المسئلَةُ مُبَيَّنَةٌ مفصّلَةٌ: منْ عَمِلَ حسنةً بشرائِطِها خاليةً عنِ العيوبِ المفسِدَةِ والمعاني المبطِلَةِ، ولم يبطِلْها حتى خرجَ منَ الدُّنيا، فإنَّ اللهَ تعالى لا يُضَيِّعُها بلْ يقبَلُها منهُ ويثيبُهُ عليها. وما كانَ منَ السيئاتِ دونَ الشركِ والكفرِ ولمْ يتبْ عنها حتى ماتَ مؤمنًا فإنّهُ في مشيئةِ اللهِ تعالى إنْ شاءَ عذَّبَهُ، وإنْ شاءَ عفا عنهُ ولم يعذِّبْهُ بالنارِ أبدًا. والرياءُ إذا وَقَعَ في عملٍ منَ الأعمالِ فإنّهُ يُبْطِلُ أجرَهُ، وكذا العُجْبُ

 (III – Елшілерге иман келтіру. Игі елшінің сүннетін қабыл ету де иманмен байланысты бір мәселе.
A – Сүннеттің бір жартысы амали тақырыптарға байланысты. Егер бір сүннет (Әз елшінің жүзеге асыруы) бізге мутәуәәтир жол мен келетін болса оны жоққа шығару қиын мәселе. Төменде келетін мәсінің үстіне мәсих тарту және рамазан айында тарауих намазын өтеуде аталмыш мутәуәәтир сүннеттерден болып әрі осы берілген мысалдар арқылы Шиит ағымының бір тармағы Жағфариларға жауап берілуде. Түп-түгел үмбет осыларды қабыл етсе де олар қабылдамауда.

Ә – Сүннеттің бір жартысы да сеніммен байланысты. Бізге жеткен мутәуәәтир сүннет бойынша; күнә жасау сол жасаушы момынға зиян береді. Бірақ аятта аталып өткені секілді Аллаһ қаласа, ширктен басқа күнәларды кешіріп жарылқайды. Сондай-ақ Аллаһ ешбір момынның ізгі ісін желге ұшырмай, сөзсіз оның сауабын береді. Бұл жерде де Муржия және Харижи ағымдарына жауап берілуде. Өйткені Муржия көзқарасы бойынша, жасаған күнәсі бір момынға зиян тигізбейді, ал Харижилердің көзқарасы бойынша жасаған үлкен күнәсі бір момынды діннен бірақ шығарады. Міне ұлық имам Әбу Ханифа бұл жерде, Ислам тарихындағы екі ұшқыр (ифрат және тәфрит) көзқарасқа тиесілі сыбағасын оңдырмай беруде. Жағдай осылай болып тұрса да Әһлі хадистен кейбір кісілер Имам Әбу Ханифаны да Муржия деген жала жауып айдар таққан болатын. Имам Әбу Ханифа өзіне жабылған жалаларға, һәм осы жерде һәм сол кезіндегі үлкен мужтәһид Осман әл Бәттиге жазған әр-Рисала (ұшбу хат) арқылы жауап жазған.

Елшілерге иман келтіру – 3

Имам Әбу Ханифа (әл-Фиқһул Әкбар да) былай дейді:
«(Әһлі сүннеттің көзқарасы бойынша) Мәсінің үстіне мәсих тарту (мутәуәәтир бір) сүннет болып табылғандай, Рамазан айында тарауих намазын өтеу де (мутәуәәтир бір) сүннет болып табылады.  Әрбір ізгі және пасық (күнәһар) имамның артына ұйып намаз өтеу жарамды іс. (Муржиялықтардың айтқанындай) күнәлар, бір момынға зиян бермейді деп айтпаймыз. Сондай-ақ, күнә жасаған кісі тозаққа кірмейді депте айтпаймыз. Осы дүниеден момын болып өткен жанға, пасық болсадағы тозақта мәңгі бақи қалады демейміз.

Муржиялықтардың дегені сықылды, ізгі істеріміз (міндетті түрде) қабыл және жарамсыз істеріміз де кешірілді деп кесіп айтпаймыз. Бірақ былай дей аламыз: Бұл мәселе (насстарда) былайша ашықталған: Кімде-кім шарттарына сай, жоюшы қателіктерден аулақ болып ізгі амалдар жасаса және оны күпір, иртад секілді нәрселермен шайып жібермесе, сосын осы дүниеден момын болып көшсе, күдіксіз Аллаһ оның іс амалын жоймайды, керісінше қабыл бұйырып әрі оған сауап жазады.

Ширк және күпірлікке апаратын күнәдан басқа күнә жасаған, бірақ тәубе етпестен бұрын көз жұмған кісінің жағдайы Аллаһтың қалауына байланысты. Қаласа оны тозақ отында азаптайды, қаласа жарылқайды. Аллаһ ешқандай бір момынды тозақта мәңгі азаптамайды.
Қандай да бір амалға рия (көзбояушылық) араласқан сәтте, сол амалдың сауабын сүліктей сорады. Тура сол секілді ғужб, таңдану (өзіне-өзі таңқалу) да солай.»

Ашықтау: 
1 – Сүннетке байлану: Әһлі сүннет уәл жамағаттың ең басты ерекшеліктерінің біреуі Ақиық елшіден жеткен Сүннетке (іске асыруы,жүйеге) еріп байлануы болмақ. Бұл сүннетті бізге жеткізген мужтәһид сахаба, табиғун және әтбағу табиғундар болатын. Аллаһ елшісінен сондай-ақ хадистер де нақыл болған. Риуаят етілген хадистер іиі қанбаған деректер болғандықтан бәрі бірдей сүннет делінбейді. Мужтәһид имамдар қолынан бұл хадис риуаяттары, Құранға және Сүннәті мағруфаға сай болып болмағаны анықталып және мағмулун биһ (амал жасалғандар) болғандар ортаға қойылған, шығарылған еді. «Мәсінің үстіне мәсих тарту», «Рамазанда тарауих намазын өтеу» және «ізгі және пасық әрбір имамның артында ұйып намаз өтеудің болатындығы» бізге келіп жеткен мутәуәәтир сүннеттердің кейбіреуі болып саналады. Бұл үш мәселе тарих бойынша сүннет және сахаба жолына бекем байланушы мағынасындағы Әһлі сүннеттің белгілерінен болып мойындалған. Сондықтан Имам Ағзам, жоғарыдағы аталмыш мәселелерді арнайы атап өткен. (Алиюл-Қари, Шәрхул Фиқһул Әкбар, 162, 163)
2 – Күнә жасау момынға зиян тигізеді. Аллаһ ол күнәлі құлын қаласа жарылқайды, қаласа азаптайды. Күнәлі адамдарды Аллаһқа тапсырамыз. Сондай-ақ харижилердің алға тартқанындай күнә, кәпірлік себебі емес. Раббымыз Құранда: «Аллаһ өзіне серік қосушылардың күнәсін кешпейді. Одан басқа күнәларды қалаған адамынан кешіре береді...» (Ниса сүресі 45 аят.) Mуржия ағымындағылар, үлкен күнә момынға еш зиян тигізбейді десе, Муғтазилалар үлкен күнә иесі күмәнсіз жазаланады, Аллаһ қорқытуынан таймайды дегенді алға тартады. (қар.з Алиюл-Қари, Шәрхул Фиқһул Әкбар, 161) Әһлі сүннет көзқарасы бойынша, (Имам Ағзам атап өткендей) Аллаһ, ширк, серік қосудан басқа күнәларды қаласа кешіреді, қаласа да ол пәндесін азаптайды. Аллаһ уәдесінен таймайды, бірақ қорқытуынан қайтады. Өйткені уәдесінен қайту айып әрі кемшілік, бірақ қорқытуынан қайту артықшылық әрі рақымшылық болып саналады. Шура сүресінің 25 ші аятында: «Ол Аллаһ құлдарының тәубесін қабылдап күнәларын кешіруші...» делінген. Сөзсіз Аллаһ күнәһарлардың тәубелерін қабыл етіп, оларды нағыз жарылқаушы бір Өзі ғана.
3 – Аллаһ ізгі істердің сауабын беруші. Ешкімнің еңбегін жоймайды. Әлү Ғимран сүресінің 195 ші аятында: «Мен сендерден, еркек болсын әйел болсын ізгі іс жасаушының амалын зая қылмаймын...» делінген.
4 – Рия және ғужб, таңданыс кісінің сауабын жояды. Имам Ағзам, мұнда ширк/иртидад діннен шығудан басқа ізгі амалды жоятын кей күнәлардан сөз қозғап өтуде. Әсіресе осылардың екі данасы өте қауіпті әрі қатерлі; Рия және ғужб. 
Текқана Аллаһ үшін жасалуы керек ізгі амал, адамдарға көрсету (рия) және атақ үшін жасалса, аталмыш амалдар қабыл болмай босқа кетеді. Сонымен қатар адам баласының өзін-өзі ұнатып және таңданушы кісінің жасаған амалы да пайда бермейді. Аллаһ шынайы ықыласты және кішіпейіл адамдарды жақсы көреді және олардың амалдарын қабыл етеді.
Хадистерде бұл мәселе былай деп келеді: 
«Сіздер үшін ең қатты қорқатын нәрсем, кішкентай ширкке ұрынуларың, ол да рия болып саналады.» (Ахмед бин Ханбәл, V/428)
«Аллаһ маған, сендердің кішіпейіл болу керек екендіктеріңізді уахи етті. Тіпті ешкім ешкімге зұлымдық етпесін және ешкім ешкімге мақтанбасын» (Мүслим, Жәннат, 64 (2865)).
«Қиямет күні есебі алғаш болып алынатын үш түрлі кісі бар:

Алдымен Аллаһ жолында жан беруші әкелінеді. Аллаһ оған нығметтерін ұсынады, ол да есіне түсіреді. Аллаһ: «Осы нығметтер ішінде не жасадың?» деп сұрайды. Ол кісі: Сенің жолыңда соғысып жан тапсырдым шаһид болдым!» дейді.  Аллаһ: «Жалған айтасың!» Сен жау жүрек батыр десін деп шайқастың, шыныменде солай делінді» дейді. Содан кейін бұйрық беріліп ол кісі тозаққа бетімен сүйретіліп лақтырылады.
Келесі кісі ілім үйреніп үйреткен және Құран оқитын адам. Аллаһ оған нығметтерін ұсынады, ол да есіне түсіреді. Аллаһ: «Осы нығметтер ішінде не жасадың?» деп сұрайды. Ол кісі: «ілім үйрендім және үйреттім, Сен үшін Құран оқыдым!» дейді. Аллаһ: «өтірік айтасың!» Сен ілімді, саған ғалым десін деп үйрендің, Құранды да жақсы оқушы десін деп оқыдың және шынымен де солай айтылды дейді. Содан кейін бұйрық беріліп ол кісі тозаққа бетімен сүйретіліп лақтырылады.
Келесі кісі де, Аллаһтың бай еткен және өзіне әртүрлі дүние мүлік берген адам. Аллаһ оған нығметтерін ұсынады, ол да есіне түсіреді. Аллаһ: «Осы нығметтер ішінде не жасадың?» деп сұрайды. Ол кісі: «Сен қалаған, жақсы көретін жерлерге жұмсадым дүние мүлкімді тараттым» дейді. Аллаһ: «Жалған айтасың! Сен, жомарт деп айтсын деп байлығыңды тараттың және расымен де солай делінді» дейді. Содан кейін бұйрық беріліп ол кісі тозаққа бетімен сүйретіліп лақтырылады.»
(Ахмәд бин Ханбәл, II/321; Мүслим, Имарат, 152, (1905); Нәса ій, Жиһад 22, (3137)).

Баянауыл ауданы «Мұса мырза»

мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

 

0 пікір