ӘКЕЛІ БАЛАЛЫ ЕЛШІЛЕР!
ӘКЕЛІ БАЛАЛЫ ЕЛШІЛЕР!
22.09.2019 12:06
258
0

Расулді таңдау құлдың қылдайда қақысы жоқ іс. Оны әлемдірдің Раббы Өзі таңдайды.  «Шынында, Аллаһ, періштелердің арасынан елші таңдағандай адамдар арасынан да елші таңдайды. Шүбәсіз Аллаһ түп-түгел естіп түбегейлі анық көруші» - деп Хаж сүресінің 75 - ші аятында ашық үкім етіп баяндаған. Сондықтан ешкімнің таласы жоқ, адамзаттың ең мақтан тұтар, еліктер ерекше тұлғары олар талассыз ӘЗ елшілер еді. Дінсіз қоғамның әлем халқын алжастыру мақсатында тұлға деп жар салған «тұлға»сымақтардың көбі әдірам қалғыр жандар екенін айтушы аз-ақ. Тіпті әлемге әйгілі адамдар арасында бірде-бір сахаба, табиғун, әтба табиғийн, тіпті төрт имам, ақида саласындағы имамдардың да біреуі аталмай, сондай-ақ Ислам ғұламаларының алдыңғы мен артқы буындарынан бірде-біреуін енгізбегені өздерінің адамгершіліктен жұрдай һәм жалаң екендіктерінің айқын да жойқын көрінісі.

Жә, негізгі тақырыбыма ойысайын. Әкелі балалы елшілер дегенде бірден адамзаттың атасы Адам ата келері даусыз. Адамзат атаулының барлығы Ол кісінің үрім-бұтақтары болып саналады. Демек ата елші сол кісі.

Ары жалғастыра түссек; Ибраһим пайғамбарда қыруар елшінің атасы болып келеді. Екі баласы да пайғамбар болған. Олар: Исмағил және Ысхақ. Исмағилдің анасы Ажар, ал Ысхақтың анасы Сара анмыз еді. Исмағилдің ұрпағынан Ардақты елші Әз Мұхаммед келетінін бәріміз білеміз. Әнбия сүресінде: «Сондай-ақ  оған Ысхақты және оған қоса (немересі) Яқубты сыйладық» деп келеді. Осыдан түсінеріміз Ибраһим ғс.- нің ұлы, немересі һәм шөбересі елші болған.  Олай дейтініміз, Яқубтың баласы Юсуфта елші еді.

Ал Дәуіт ғс.- нің баласы Сүлейман ғс.

Зәкәрия ғс.-нің шау тартып Аллаһтан тілеп алған, еш ондай есім кездеспестен құрсаққа түспестен есімі қойылып туылған Яхия ғс еді.

Ағайынды елшілер

Исмағил мен Ысхақ.

Муса мен Һарун. Муса ғс дұғасында: «Сондай-ақ, отбасымнан біреуді маған жәрдемші қылғайсың. Бауырым Һарун» -деген (Та-һа сүресі 29-30) аяттарында. Және осы сүренің 94 ші аятында «... Уа, анамның ұлы!...» деп келгенін көреміз. Бұл екі елшінің аналарыда екі елші дүниеге әкелген әз ана болуда.

Бөле елшілер

Яхия мен Иса.

Қайын-жұрттық байланысы бар елшілер

Шұғайыб ғс-нің қызын Мұса ғс. алған болатын. Құранда: «Содан әкелері (Шұғайыб) Мусаға: Сені мына екі қызымның біреуіне қосқым келеді. Соның қарымы ретінде қолымда сегіз жыл жұмыс істейсің. Егер он жылға толтырамын десең, оның жақсылығың болады... Муса келісілген мерзімді тәмамдап, отбасын өзімен бірге ертіп...» - деп Та-һа сүресінің 27-29 аяттарында баяндалады.

 Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

«Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

0 пікір