АДАСТЫРУҒА КЕЛІП ТУРА ЖОЛ ТАПТЫ
АДАСТЫРУҒА КЕЛІП ТУРА ЖОЛ ТАПТЫ
17.09.2021 10:50
992
0

Құрайыш мүшріктері Пайғамбар (с.а.у.) сахабаларының әрбірін діннен  шығару үшін бір-бір адам тағайындайды.

 Әбу Бәкірге (р.а.) Талха ибн Ұбайдулланы белгілеп қояды. 

Талха ибн Ұбайдулла достарын ертіп, Әбу Бәкірге (р.а.) келді. Әбу Бәкір (р.а.):

«Мені қайда шақырып тұрсыңдар» - дегенде Талха ибн Ұбайдулла:

«Лат пен Уззаға құлшылық қылуға шақырамын» - деді. Әбу Бәкір (р.а.):

-    Лат деген не?» - деп сұрады.

-    Біздің Раббымыз.

-    Ал Узза ше?

-    Алланың қыздары.

-    Жарайды делік, сонда ол қыздардың анасы кім» - дегенде Талха ибн Ұбайдулланың аузына құм құйылды.

 Жанындағы достарына:

 «Мынаның сұрағын жауап беріңдер» - деді.

Олар да жауап бере алмады. Сол кезде Талха ибн Ұбайдулла: 

-    Уа, Әбу Бәкір! Мен Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Оның құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін» - деп мұсылман болады.

 

 

 

0 пікір