Ұл, қыз деп бөлу дұрыс па?
Ұл, қыз деп бөлу дұрыс па?
15.10.2015 11:27
3133
0

       Бір күні бір кісі Пайғабарымыздың (с.ғ.с.) жанында отырған кезінде қасына ұлы келеді. Әлгі кісі ұлының басынан сипап, бетінен сүйіп алдына отырғызады. Сәлден кейін қызы келеді. Қызын да алдына отырғызып алады. Бірақ бетінен сүймейді. Осыны байқаған Алла елшісі (с.ғ.с.): «Екеуін теңдей көрмейсің бе?» - деп ескерту жасайды (Мәжауз-Зәуаид, 8/156).

       Мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларға: «Балаларыңды бөліп жармай, теңдей көріңдер» - деп өсиет айтқан (Әбу Дәуіт).

       Бір хадисінде: «Сенің балаларыңның алдындағы міндеттеріңнің бірі оларды алаламау» - деген (Мүснәд, 4/269).

       Тағы бір хадисінде: «Базардан қайтқанда үйлеріңе алып келген базарлықтарыңды үлестіруді қыз балаларыңнан бастаңдар» - деп, қыз баланың психологиясын ескеріп, оларды құрметтеуге шақырған.

0 пікір