«ҮЙІҢЕ БАҚЫТ ӘКЕЛ» (Ұл мен қыздың есіне)
«ҮЙІҢЕ БАҚЫТ ӘКЕЛ» (Ұл мен қыздың есіне)
23.02.2021 11:58
577
0

Әкең мен анаң саған өмір берді және олар сенің бақытың үшін өмір сүреді. Солардың денсаулығы мен тыныштығын сақта.

       Сенің адал өмірің, сенің еңбексүйгіштігің, сенің білім алудағы, еңбектегі табыстарың ата-анаң үшін зор бақыт. Өз үйіңе бақыт әкел. Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.

       Анаңа да, әкеңе де шыншыл бол. Ата-ананың құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсенің бәріне солардың рұқсаты мен ризалығын сұра. Ұл мен қыздың шын еркіндігі тыңдай білер балалардан шығады.

       Егер отбасында қайғы, бақытсыздық, ұнамсыз жәйт болса, онда отбасын аман сақтап қалу жөніндегі сенің жауапкершілігің арта түседі. Тек өзіңнің қажырлы еңбегіңмен ғана сен ата-анаңның жан дүниесін жайландыра аласың.        Сен өзіңнің бірінші жалақыңды алғанда әкеңе, анаңа сыйлық алып бер. Бұл сыйлық – өзің айтар алғыстың белгісі.

       Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл.

      Аталарың мен әжелеріңнің, аналарың мен әкелеріңнің қарттығын қасіретке айналдырмаңдар. Адам өзінің ұрпағы арқылы  өмірде көп жасайды.

       «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келетінін» ұмытпа! 

 

0 пікір