Уақыт ол – мүмкіндік
Уақыт ол – мүмкіндік
16.05.2019 13:26
224
0

Уақыттың тағы бір жауы, ол – ұйқы. «Ұйқы – өлімнің бауыры» деген хадисті әрі «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарын түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкініш білдірген Мұқағали ағамыздың мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз:

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

(Ұйықтасын сапарларын тәмамдаған).

Алдымда сапар жолы тарам-тарам,

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермері» анық. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылын мына бір ой да аша түседі:

Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра.

Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра.

Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.

Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра.

Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.

Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.

Бір минисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра! 

 

0 пікір