Терек пен Шырмауық
Терек пен Шырмауық
17.05.2019 12:10
754
0

Терек пен шырмауық жайлы осынау бір қысқа әңгіме өз деңгейін білмейтіндер жайлы мәлімет бермек:

Күндердің күнінде жапырағы жайқалған еңселі бір теректің түбінен шырмауық тұқым жарып бой көтере бастапты. Көктем келісімен-ақ әлгі шырмауық ағаштың ортан беліне дейін өсіп ұзара түсіпті. Жаңбыр мен күн нұрының арқасында азғантай уақыттың ішінде шырмауық терекпен бірдей болып өсіп жетіліпті. Содан бір күні шырмауық ағашқа қарап: «Ағаш-ау сен қанша айда осындай үлкне болып өстің?» депті. Терек болса: «Он жылда» деп жауап қатыпты. Оны естіген шырмауық ішек-сілесі қатып, мақтана күліп: «он жылда ма? Мына мен көп болса екі айда сенімен бойым бірдей болды, қарашы»,-деп масайрапты. Терек болса: «Дұрыс айтасың!»,-депті де қойыпты.

Уақыттың ағысымен, жаздың ыстық күндерін қоңыр күз ббасып, ауа-райы салқындай түсіпті. Күздің салқын желінен шырмауықтың жапырақтары үзіліп, шырмауық қалтырай бастайды. Содан шырмауық ақырын-ақырын бүгіліп, бір уыс болып жерге жапырылып қалыпты. Бұл халіне таң қалып, терекке қарап: «Уа ағаш-ау! Маған не болып барады?»,-деп сұрапты. Сонда терек оған: «менің он жылда шыққан шыңыма сен екі айда шығуға тырыстың»,-деп қана жауап қатқан екен.

0 пікір