Тәсілім деген не?
Тәсілім  деген  не?
17.05.2017 17:05
5439
0

Қазақта өмірден өткен адамды «жан тәсілім» етті дейді. Осы «тәсілім» деген сөз не мағына береді? Неліктен   өмірден өткен адамға «тәсілім» етті деп айтылады? Негізінен тәсілім сөзі тек қана  өмірден өткен адамға байланысты емес. Мұсылман адам әрқашан өзін  Алла Тағалаға тапсырудан қорықпау керек. Міне тәсілім деген осы!

 Араб тіліндегі «сәләмә» сөзінен көптеген сөздер шығаруға болады. Бұл сөзден Ислам, Сәлем, Мұсылман  және т.б. сөздер де шығады. Араб тілінің грамматикасында етістіктер түрлене келе «сәлләмә» сөзінен таслим, яғни өзіңді Алла Тағалаға тапсыру деген мағына шығады. Алланың «Әссәләм» есімі «амандық, бейбітшілік  сыйлаушы» деген мағыналарды қамтиды. Амандықты, жан тыныштығын сыйлай алатын да, қорған, пана болатын да, 100 пайыз кепіл бола алатын да Ұлы Алла Тағала! Сондықтан бүгінде  біздерге  жетпей  жүрген  ой – тәуекел. Қалайша жер алсам, үй алсам, қалайша көлік мінсем? - деген уайым бүгінде еліміздегі көптеген азаматтарды қинап жүргені көрініп-ақ жүр.

«Құдайсыз қурай да сынбайды» дегенді тұщына түсінген ата-бабаларымызға  осы жерде тағы бір мәрте таңданарсыз! Бұл әрине талпынбаңыз, әрекет етпеңіз деген сөз емес. Жарқын болашақтан да үміт үзбей, өмірден де түңілмей шын мұсылман болайық ағайын. Бақсақ «мұсылман» деген сөздің өзі келер қуанышын да, сынағын да Алладан деп түсінген, өзін Аллаға тапсырған яғни «таслим» еткен адам. 

 

Дәулетов Азамат

Павлодар облысы, Маралды ауылы мешітінің имамы

0 пікір