Сізге пайдалы 5 насихат-кеңес!
Сізге пайдалы 5 насихат-кеңес!
14.03.2019 09:18
1036
0

1. Адамның көп нәрсеге қол жеткізетін 5 түрлі сипат:

Біріншісі-біреуге тілін тигізуден сақтану;

Екіншісі-ізгі әдептілік;

Үшіншісі-күдіктендіруден аулақ жүру;

Төртіншісі-істеген ісінзеректікпен тындыра білу. Осы сипаттар бойында бар кісіге алысы жақын болады, жат елі дос-жар болады, өзіне азық та ағайын да табады.

2.Бес нәрседен сақтану керек:

Біріншісі-көп жемектен;

Екіншісі-көп ұйықтамақтан;

Үшіншісі-көп сөйлеуден;

Төртіншісі-байлықты көп қуалаудан;

Бесіншісі-шектен тыс дүние-мүлік жиюдан.

Осы 5 нәрседен сақтанбаса:

Көп жемек-ділді қара қылады, ауыртады.

Көп ұйықтау-ойсыздыққа душар етеді.

Көп сөйлеу-адамның күнәсін арттырады.

Байлықтың соңынан қуалау-кісіні бітпес әлекке түсіреді.

Дүниені көп жинай беру-артық әбігер мен бейнет тарттырады.

3.Бес нәрсенің бағасы жоқ:

Бірінші-дүниенің;

Екінші-өмірдің;

Үшінші-жігіттіктің;

Төртінші-қуаныштың;

Бесінші-ойнап-күлгеннің.

 4.Бес кісіге көңілде жүрген сырыңды айтпа:

Бірінші-ақыл тоқтатпаған кішкене балаға;

Екінші-дұшпаныңа;

Үшінші-қатыныңа;

Төртінші-құлға;

Бесінші-наданға.

«Сыр айтса не болады?» десең:

Балаға сырды айту-киімді суға салып су болмасын дегенмен тең;

Дұшпанға сырды айту-өзін-өзі дарияға тастап, суға кетпеймін дегенмен бірдей;

Қатынға сырды айту-ағашқа от қойып жанбайды дегенмен бірдей;

Құлға сырды айту-таза етті итке тастап, ол жжемесін дегендей;

Наданға сырды айту-үйге от жағып, ыс болмасын деп ойлаумен тең.

Сырды ата-анаға, ұстазға, пірге айтқан дұрыс.

5.Әрбір адам 5 нәрсе орындаса, Алла соған лайық 5 нәрсе береді:

Біріншісі-Құдайдың бергеніне шүкірлік танытса-бай болады;

Екіншісі-қайғыға сабыр етсе-көп жақсылыққа жолығады;

Үшіншісі-тәуба жасаса-Алла қабыл етеді,

Төртінші-дұға жасаса да Алла Тағала тарапынан қабыл алынады;

Бесінші-«Ыстығыпар» айтса-Алла оның күнәсін кешіреді.

6.Жатарда 5 нәрсені орындау керек:

Біріншісі-4000 теңге сдақа жасау;

Екіншісі-Құранды тегіс оқып шығу;

Үшіншісі-пейішті, жәннатты сатып алу;

Төртіншісі-Меккеге қажылық ету;

Бесіншіс-барлық мүсәпірді ырза ету.

 «Осы айтылған 5 істі бір түнде қалай орындап үлгереміз?»  дегендерге:

Құптан уақытында 4 рет «Алхамды» оқысаңыз, 4000 мың теңге садақа бергендей боласыз.

Үш рет «Құлкуалланы» оқысаңыз, Құранды бастан-аяқ оқығанмен тең;

Он рет салауат айтсаңыз жәннатты сатып алғаныңыз;

Төрт рет «Субханалла», «Уалхамды», «Ліллах» пен «Ләләхайлақты» және «Ләлхуәкпарды» айтсаңыз Меккеге қажылық жасаумен тең;

Ал 10 рет «Ыстығапар» айту барлық мүсәпірді рыза еткенмен тең. Ата-анасын риза қылған балаға Құдай да риза. Ата-ананы қуантып, сыйласа Құдай да ол балалардың жолын ашып, ісін оңғартады» депті.

 

0 пікір