СІЗ АДАМДАРҒА ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫНАН ҚАРАЙТЫН БОЛЫПСЫЗ!..
СІЗ АДАМДАРҒА ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫНАН ҚАРАЙТЫН БОЛЫПСЫЗ!..
23.11.2020 09:43
839
0

Ақын Мехмет Акиф өркөкірек, тәкаппар адамды жаны сүймейді екен. Алайда жақын достарының бірі Али Шәуқи тәкаппарлау, өзін өзгелерден артық көретін жан екен. Еуропаға саяхат жасап келгеннен кейін онысы арта түсіп, асқынып кетеді.

Досының осы жағымсыз қылығын түзету үшін Мехмет Акиф оңтайлы бір мәжіліс күтіп жүреді. Сондай қолайлы бір мәжілістің сәті түскенде ақын:

«Сіз ертеректе адамдарға Фатих мешітінің мұнарасынан (76.52 метр) қарайтын едіңіз. Соңғы кездері Эйфель мұнарасынан (167 метр) қарайтын болыпсыз!..»,-деген екен.

0 пікір