Сенің нәпсің - әлгі айдаһар!..
Сенің нәпсің - әлгі айдаһар!..
07.06.2019 14:14
589
0

Баяғыда Бағдат шаһарында бір жылан аулаушы болыпты.

Бірде ол Құдайға сиынып, тауға өрлеп үлкен жылан ұстамақ болып шығыпты. Алдынан аса ірі, бірақ өлі айдаһар кездесіпті. Айдаһардың ірілігіне есі кеткен аңшы жұртты таңғалтпақ ниетпен айдаһарды құйрығынан сүйреп Бағдатқа алып келіпті:

 - Бұл айдаһарды жалғыз аулаймын деп әбден қиналдым,- деп жұртқа өтірік соғыпты.

 Ал шын мәнінде айдаһар әлі тірі болатын. Ол суықтан тоң болып қатып қалған себепті өлген сияқты көрінген еді. Бағдат халқы қым-қуат жүгірісіп, айдаһарды бір көрмекке ұмтылады. Аңшы болса жұртты әбден таңғалтпақ ниетпен айдаһарды шүберекпен тұмшалап тастайды. Сол кезде күн қатты қызып, айдаһар тіріле бастайды. Тыпырлай бастаған айдаһарды көріп,  жиналғандар саны жүз мыңнан асыпты.

Бір кезде айдаһар оқыстан басын жұлып алып, жан-жағын жалмап, бәрін жей бастапты. Бытырап қашқандар бір-біріне бастырылып, өліктер тау болады. Айдаһар тағы бір ұмтылып, баяғы жылан аулаушыны да бір-ақ жұтады. Айдаһардың аузына кіріп бара жатып,:

 «Ойбай, мен таудан не әкелгенмін?», -деп өкінеді.

 

0 пікір