Сен соншама кім едің?..
Сен соншама кім едің?..
14.06.2019 10:23
792
0

Өмір саған ештеңе де берешек емес. Егер осындай ұстаным ұстансаң, онда қолда бардың бәріне разылық білдіріп өмір сүретін боласың.

 Отыз жыл бойы оттегісі бар ауамен тыныстауға қай қылығыңнан лайық болдың?

Ұйықтап жатқанда да дүрсілінен жаңылмайтын жүрек қандай ерлігің үшін берілген?

 Бірдеңе сұрайтындай өзің не тындырдың?

Сен соншама кім едің?

Осы сауалдар төңірегінде терең ойлансаң, тәкәппарлығыңды жеңесің, бостан-босқа қайғырмайсың, өмірдің барлық ғажабына тәубе айтып, ризалықпен өмір сүретін боласың.

 

Муджи

Аударған Шынар Әбілда

 

0 пікір