СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАУДЫҢ 7 СЕБЕБІ
СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАУДЫҢ 7 СЕБЕБІ
17.09.2020 10:36
2175
0

1. Сәтсіздік — мида

Сәтсіздікке ұшыраудың негізгі себебі — мида. Кез келген істі бастамас бұрын «сәтсіз шығады» деп күдік келтірсеңіз, ол міндетті түрде солай болады. Өз-өзіңізге қанат бітіріп, ішкі күшіңізге сеніп, жақсылыққа болжасаңыз қадамыңыздың оң болғаны.

2. Жауапсыздық

Жауапкершілік — адамның даму жолында мақсатқа жетуіне көмектеседі. Егер кез келген істе жауапсыздық танытып, өмірден ләззат алуды жалғастыра берсеңіз, ешқашан мақсатыңызға жетпейсіз.

 3. Таңғажайып оқиғаны күту

Әлемдегі жетістікке жеткен  табысты адамдардың өмір жолын оқып, арманға бату заңды құбылыс. Бірақ, ғажайыптың шын өмірде орындалмайтынын ұмытпаңыз. Тіпті, сіздің жан-жағыңызда өмір сүріп жатқан адамдардың өмірі өте қарапайым болуы мүмкін. Кейбірі кешірілмес қателіктер жасауға, сәтсіздікке үйреніп қалған… Кейбірі бір рет опық жеген қателіктерін қанша түзетсе де, жетістікке жетпейді. Сол сияқты өзі өмір сүріп отырған ортаны ұмытып, бос қиялға берілетін адам — ешқашан табысты болмайды. Керісінше, одан сәтсіздіктен арылмай қалуы әбден мүмкін.

4. Қызғаншақтық

Сіз өзіңізден табысты, жетістікке жеткен адамдарды қызғанбаңыз. Сол адамға жетемін деп «күндес» болып жүргенде оның шаңына да ілесе алмай қалғаныңызды білмей қаласыз. Таңертең оянғанда, кешке жатарда іштегі қызғаныш үшін  жүйкеңізді тоздырасыз. «Неге мен емес, ол?» деген сұрақтарға жауап іздеп жүргенде басыңыздағы бақытты сезбейсіз. Керісінше, табысты адамдармен дос болыңыз. Олар сіздің мақсатыңызды айқындап беруі де мүмкін.

5. Сенімсіздік

Өзіне сенімсіз адамдардың өмірінде көптеген сәтсіздіктер болуы мүмкін. Сол қасиеті арқылы маңызды әрі пайдалы істерден бас тартады. Тіпті, ол істің қолынан келетінін біліп тұрса да сенімсіздік кедергі келтіруі мүмкін.

6. Уақыттың қадірін білмеу

Қазіргі таңда адам өміріндегі сәтсіздіктің негізгі себептерінің бірі — уақытты үнемдей алмауында. Таңнан кешке дейінгі өмірін ғаламторға, қажетсіз тірлікке жұмсап жүргендер қанша?! Уақытыңызды қандай жолмен болсын үнемдеуді үйреніңіз.

7. Өзге кәсіп

Жұмысыңыз көңіліңізден шықпаса, тез арада өз жолыңызды тапқаныңыз абзал.  Сіз қанша тырыссаңыз да, жетістікке жетпеуіңіз мүмкін. Өз ісіңізді сүймей  табысқа жетудің жолын іздеу – ақымақтық.

 

Дереккөз: http://www.nelevex.com

0 пікір