Ренжіткен адамға қалай жауап беру керек?
Ренжіткен адамға қалай жауап беру керек?
12.08.2019 11:22
1273
0

Бірде шәкірті ұстазынан:

-         Ұстаз, егерде мені біреу ренжітсе, қатты сөйлеп, көңіліме тиер ауыр сөз айтса, оған қандай жауап қатуым керек? - деп сұрайды.

       Ұстазы:

-         Сен ағаштың түбінде отырсың делік. Бір кезде басыңа ағаштың бір шыбығы түсіп кетті. Қандай әркет жасайсың? - дейді.

       Шәкірті бірден жауап береді:

-         Не істейсің дейсіз бе? Бұл жай сәйкестік қой. Бір тал шыбықтың  мен отырған кезде басыма түсуі сәйкестік қана ғой.

       Сонда ұстазы:

-         Міне, дәл осылай. Біреу ашуға беріліп, ызаланып, сені кемсітіп, сені емес, өзін төмендетті. Ол ағаштан жерге түскен талдай нәрсе. Бір шыбыққа бола сен уайым-қайғыға салынбайсың ғой. Сондықтан ол адам сені алаңдатпасын, - деп жауап береді.

 

0 пікір