Құран – жүрегіміз турасында
Құран – жүрегіміз турасында
08.08.2019 11:04
244
0

«Сол кәпірлер жер бетін шарлап (адамды еріксіз ойға қалдыратын осынау ғибратты көріністерге зер салып қарамай ма?) Бәлкім, сол арқылы олар ақылға салып ойланатын жүректер мен (ақиқатты) еститін құлақтарға жарып қалар. Анығында көздер көр болмайды, керісінше, көкіректердегі жүректер көр болады» («Хаж» сүресі, 46-аят).

       «Олай болса, құдайларың - (теңдесі жоқ) жалғыз Құдай. Алайда, ақиретке сенбейтіндердің жүректері (осынау ұлы ақиқатты) жоққа шығаруда. Анығында, олар орынсыз көкірек керіп, тәкаппарлыққа салынуда» («Нахыл» сүресі, 22-аят).

       «Басқа келген әр жамандық Алланың рұқсатымен ғана болады. Кімде-кім Аллаға шын көңілден иман етсе, Алла оның жүрегін ақиқатқа және дұрыс бағытқа бұрады. Алла барлық нәрсені біледі» («Талақ» сүресі, 11-аят).

       «Әйтпесе, олар осынау Құранға ой жүгіртпей ме? Жоқ, әлде жүректерінде бірініңүстіне бірі салынған қат қабат құлыптар бар ма?» («Мұхаммед» сүресі, 24-аят).

       «(Уа, Мұхаммед), оларға былай де: «Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек түкпіріндегі) рухани сезімдерді берген де бір Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір етесіңдер!» («Мүлк» сүресі, 23-аят).

 

0 пікір