Құпияларың болсын
Құпияларың болсын
24.04.2019 14:05
1202
0

1.  Басқамен бөліспейтін қуаныш та, бөліспейтін мұң да болады. Құпияларың болсын. Ол сенің қадір-қасиетіңді сақтап тұрады.

2.  Жауларының қылығына ашуланғанын білдірген адам жауларының мақсатын орындауына өзі көмектесіп жатқан адам.

3. Шашқан дәніңді теріп жеп алып, үндемей ұшып кетіп, басқа бақта сайрап жүретін құстар секілді адамдардың қатарынан болмаған жөн!

4. Адамның қолымен жазылған заңдардан құтылғаныңмен, құдайдың заңдарынан құтыла алмайсың! Жұрт көрмейтін жерде де күнадан аулақ, мейірімді бол!

5.  Жұрттың бәріне сүйкімді адамнан қорқу керек…

 

Мұратхан ШОҚАН-ның жазбаларынан 

 

0 пікір