ҚАЗАҚТАН ҰЛ МЕН ҚЫЗ ТУСА!..
ҚАЗАҚТАН ҰЛ МЕН ҚЫЗ ТУСА!..
13.11.2019 01:08
241
0

Қазақтан ұл туса,

-Байшікештің қолында құл болсам!, -деп тумайды.

Қазақтан қыз туса ,

-Қу дүниенің жолында күң болсам!, -деп тумайды.

-Жатырдан шыққан шағымнан пұл тапсам?!, -деп тумайды.

Қу тірліктен баз кешіп, құм қапсам ?!, -деп тумайды.

Қазақтан ұл туса ,

Қамыт пенен кісенге жақын болсам?!,-деп тумайды.

Қазақтан қыз туса,

Келімсек пен кәпірге қатын болсам?!, -деп тумайды.

 - Өмір мені өңгерген тақым болсын!, -деп тумайды.

- Менің құтты орыным тоқым болсын !, -деп тумайды.

Қазақтан ұл туса ,

- Несиең мен жүйеңе қарыз болсам!, -деп тумайды.

Қазақтан қыз туса ,

-Сансыз ұртта шайналар сағыз болсам?!, -деп тумайды.

-Бейкүнәні күйелеп , арыз қусам ?!, -деп тумайды.

-Бөгде менен бөтенге парыз болсам ?!, -деп тумайды.

Қазақтан ұл туса ,

- Мынау байтақ даланың иесімін !, -деп туады.

Қазақтан қыз туса ,

- Қанмен аққан ұлттымның киесімін!, -деп туады.

- Қорлық үшін құныңды бересің !, -деп туады,

- Көресіңді ,әйтпесе ,көрерсің !, -деп туады.

Қазақтан ұл туса ,

- Даулы басын қызымның жақтаймын!, -деп туады.

Қазақтан қыз туса ,

- Азамат пен арымды сатпаймын!, -деп туады.

-Қастың қанын қыз үшін шайқармын!, -деп туады,

-Әуселеңді сол сәтте байқармын !, -деп туады.

Қазақтан ұл туса ,

-"" Көк байраққа құзғындар саңғымасын!, -деп туады,

Қазақтан қыз туса ,

- Етегімде сайқы жел қаңғымасын !, -деп туады.

- Дұшпан тілі сүйенер сын қалмасын!, -деп туады.

- Дұшпан көзі сүйсінер мін болмасын!, -деп туады.

Қайырғали СЫДИЫХҰЛЫ сағ.22.22. 12.11.19.

 

0 пікір