Қателіктерді бетке баспау
Қателіктерді бетке баспау
17.08.2019 20:50
4527
0

       Баланы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгісі бойынша тәрбиелеген кезде қателіктерін бетіне баспау, қатты кіналамау мәселесі назарға алынған. Бір қатені көрген кезде оны кешіру немесе көрсе де көрмегенсіп, байқаса да байқамағансу – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне жатады.

       Хазіреті Әнас (р.а.) Айшадан (р.а.) жеткен хадисте айтатыны секілді, бір адамның жағымсыз қылықтарын көретін болса немесе басқа біреулер пәленше солай  жасап жатыр, былай жасап жатыр деп ұнамсыз қылықтарын айтып жатса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол адамды қасына шақырып алып неге сен олай жасап жатсың деп бетке айтпайтын. Ол кейбір адамдарға ие болған, неге олар олай жасап жатыр деп адамның атын атамай жалпыға ортақ бір әдеп ретінде айтатын. Бір адамға: «Сен неге сондайсың, неге бұлай жасайсың?» деп бетіне айту Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде болмаған.

       Осы айтылғандарды негізге ала отырып Ислам ғұламалары бала тәрбиесінде келесі кеңестерді ұсынады:

  1. Жақсының жақсы екенін, жаманның жаман екенін үйрету
  2. Егер бір адамның жақсы қылығы көрінетін болса, оны өзгелерге айтып, мақтау.
  3. Ал жаман қылығы басқа бір адамның өмірінен мысал ретінде алынып, түсіндірілуі керек.
  4. Белгілі бір ұнамсыз қылықты алғаш рет көрген кезде көрсе де, көрмегенсу, екінші рет байқаса, білдірмей ескерту жасау, үшінші рет көрсе, бұл істің жақсылыққа апармайтынын жеткізу.
  5. Қателіктердің себебімен ешкімге тұрақты түрде ренжіп, өкпелемеу.
  6. Жасырын жасалатын қателіктердің өзінің алдын алу керек.
  7. Егер бір адам бір қателікті қайта қайта жасай беретін болса, оның тәкаппарлық, өзімшілдік деген теріс қылықтарын жою.

 

 

 

0 пікір