ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚАЙСАРЛЫҒЫ МЕН БАТЫРЛЫҒЫ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚАЙСАРЛЫҒЫ МЕН БАТЫРЛЫҒЫ
15.10.2021 10:26
217
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адамдардың ең мықтысы болғысы келген адам Алла Тағалаға тәуекел қылсын». (Хаким, «әл-Мүстәдрак»)

Әнәс бин Мәлік (р.а.) былай дейді: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдардың ең сымбаттысы, адамдардың ең қайсары және адамдардың ең жомарты еді. 

Бір күні Мәдина халқы жау шабуылынан қорыққанда тек Расулулла (с.а.у.) Әбу Талханың «Мәндуп» есімді жалқау, егерсіз атына секіріп мініп жалғыз өзі жау даусы шыққан жаққа шапқан болатын. Мәдиналықтарды артта қалдырып кеткен еді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) астындағы жалқау ат құтты дария болып су сияқты ағып бара жатыр деп ойладық».

Микдад бин Амр (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Ұхұд соғысындағы қайсарлығы мен табандылығын айтып жатқанда былай дейді: «Оны хақ дін және кітаппен пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін жау шабуылынды Пайғамбарымыздың бір қарыс болса да артқа жылжығанын көрмедім.

Пайғамбарымыздың кейде тік тұрып дұшпанның бетін қайтаратындай садағымен оқ атқанын және тас атқанын көрген едім.

Пайғамбарымыз құтты әскери қол сияқты табандылық танытып, орнынан қозғалмайтын еді».

Хунейін соғысында Ислам қолы шашырағанда ортада Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше сахабасымен жалғыз қалған еді. Он екі мың әскерді кері жегінуге мәжбүр қалдырған оқ жауынына қарсы жалғыз өзі шегінбей, еш қорықпай, саспай бара жатты. Бар күш-қайратымен, қайсарлық, табандылықтың үлгісі және мұғжизасы пайғамбарлықтың айғағы иләһи күшпен Дүлдүл атты атын бүкіл жау шабуылына, тіпті барлық кәпірлерге қарсы салды. Ол (с.а.у.) алға жылжыған сайын кәпірлер қашып, олар қарсы шапқанда тоқтап күтетін еді. Риуаятқа сүйенсек осы жағдай он бес рет қайталанған. Немере ағасы Аббас жүгіріп барып, алға қатты шығып кетпесін деп атының жүгенінен ұстаған. 

Әли (р.а.) былай дейді: «Шайқас қызып майдан қан көліне айналғанда біз Пайғамбарымызды (с.а.у.) паналайтын едік. Жауға одан артық ешкім жақындай алмайтын».

0 пікір