ӨТІРІК ДЕГЕН ДҰШПАН БАР
ӨТІРІК ДЕГЕН ДҰШПАН БАР
06.08.2020 12:11
520
0

Ойдан шығарып айтылған әңгімені шариғатта «әл-ифтира» немесе «ихтиләқ» деп атайды. «Әл-ифтира» сөзі -жала жабуойдан құрастыру деген мағыналарды білдіреді. Ал «ихтиләқ» сөзінің мағынасы – қолданжасауойдан шығару.

Егер адам болған оқиғаны қосып көркемдесе немесе мазмұнын өзгертіп, қысқартып айтса, оны исламда «мәйнун» деп таниды.

«Мәйнун» сөздің арабша мағынасы –өтірікайту. Уасилә ибн әл Аскағ (Оған Алла разы болсын):«Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалғанның көкесі, бөтен адамды әке деп айту немесе көз көрмегенді көрдім деу яки болмаса Алла елшісінің айтпаған нәрсесін, айтты деп сөйлеу», – деп айтты» деген хадис жеткізген. (Бұхари)  Сонымен қатар Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пендеге естіген нәрсенінің барлығын айта беру, өтірік үшін жетіп жатыр», – деп айтқан. (Мүслим)

«Өтірік өрге баспайды», жалры  өтірік сөйлеу – күнә. Өтірік дегеніміз, шындықты жасырып айту немесе ақиқатты бұрмалап шындыққа жанаспайтын мәлімет жеткізу.

Адамдарға өтірік айту – арсыздықтың белгісі. Өтірік, адамның еңбегін күйдіріп жоқ ететін қате амалдардың санатына жатады. Өтірікті – адамның ашық дұшпаны екенін айтып, Абай атамыз:

 

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.-дейді.

 

Бұл өтіріктің залалы басқаларға өтіп қоғамдағы әділдік пен тәртіпті бұзып, тұрақтылыққа сыза түсіруі мүмкін. Өтірік жүрген жерде адамның бір-біріне сенімсіздік пайда болады, береке кетеді.

Сондықтан да Ислам өтірік сөйлеуден сақ болуға шақырады.

Мәлик ибн Динар: «Жүректе шындық пен өтіріктің арасында тартыс жүреді. Екеуінің бірі жүрекке әмірші болғанша ұрыс жалғаса бермек», – деген. Сондықтан адам жүрегінде өтірік жеңіп, шындық жеңілсе, онда оның сөйлейтін сөздерінің барлығы – өтірік.

Негізінде, өтірік сөз көп жағдайда  адам әңгімені ойдан құрастырып айтады, немесе  болған оқиғаны қосып, бояуын қоюлап, көркемдеп айту арқылы жасалады;  ал үшіншіде  болған оқиғаның мазмұнын өзгертіп, қысқартып айту арқылы жасалса, төртіншіде  мәтінді бұрмалап өзгертумен жасалады.

Өтірік сөздің жақсысы жоқ, өтірік сөз жақсы, орташа және жаман деп топтарға бөлінбейді. Әш-Шағби сараңдық пен өтірік сөзге қатысты: «Тозақта екеуінің қайсысы төменде болатынын білмеймін, өтірік сөз бе әлде сараңдық па?» – деп айтқандай оның жақсы-жаманы жоқ. Өтіріктің барлығы жаман.Тіпті, адам естіген кез келген нәрсесін айта берсе, ол да өтірікке жатады екен.

Адам үшін қайырлысы ылғи шындықты айту ережесін ұстануы. Себебі, өтірік айтқан кісіге адамдар арасында сенімсіздік пайда болады. Өтірікші адам үнемі өзінің өтірік сөйлегенін естен шығарып қояды. Егер ол мұндай әдетінен айырылмаса, онда әрбір қас қағым сәтте өзінің басына арсыздық қасіретін шақырғанмен тең.

Дініміз исламда балаларды алдап, оларға өтірік айтуға да болмайды. Әдетте кейбір ата-ана баласын «әлі кішкентей, ақылы жоқ» деп оп-оңай алдай салады. Бұлай жасау дұрыс емес. Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай жағдайға қатысты былай деп айтқан:

«Кім сәбиге: «Мұнда кел, мынаны ала ғой», – деп, бірақ оған еш нәрсе бермеген болса, ол – өтірікші» (Ахмад).

Абдулла ибн Амир (Оған Алла разы болсын) былай дейді:

«Бір күні үйімізде Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде анам:

– Бері келе ғой, бірдеңе беремін, –деп мені шақырып алды.

Мұны көрген Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Оған не бермексін? – деп сұрады.

Анам:

– Бір түйір құрма бермекші едім.

Сонда Алланыңелшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Егер оған ешнәрсе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді, – деді» (Әбу Дәуіт).

 

Өтірік туралы мақал-мәтелдер

 

Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
Әділет деген аға бар,
Дұшпанның қолын қағады.

Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.

Таң атпайын десе де
Күн қоймайды.
Өтірікті қуалап
Шын қоймайды.

Жыртық үйді жел табар
Өтірік сөзді шын табар.

Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.

Шын — бір сөз,
Өтірік — мың сөз.

Шындықтың шырқы бұзылмас,
Өтіріктің өрмегі жиылмас.

Өтірік айтқанша үндемеген абзал.

Шындық бар жерде
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.

Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ.

Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді ел табар.

Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.

Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.

Өтірік сөз — жанғақас,
Өткір пышақ – қынға қас.

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.

Өтірікті — шындай,
Ақсақты — тыңдай.

Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.

Жұрт өтірік айтпайды,
Жоқ өтірік айтады.

 

0 пікір