Өмірдің мәні не?
Өмірдің мәні не?
10.02.2019 13:09
481
0

Шашы мен сақалы ағарып, бетін әжім басқан ұстазым Доктор Пападеростан «Өмірдің мәні не?» деп сұрадым. Ол кісі гректің мәдениеттенушысы әрі тарихшы профессоры болатын. Жолдастарым үйреншікті әдеттеріне салып, айқайлап күліп, сыныптан шығуға ыңғайлана бастады. Сол кезде Пападерос қолын жоғары көтеріп сыныптағы шуды лезде басып тастады. Сосын менің қандай мақсатпен сұрап түрғанымды білу үшін көзіме бір сәт тесіліп қарап алды да: «Сұрағыңа жауап берейін», - деді.

Шалбарының артқы қалтасына қолын салып теріден жасалған әмиянын алды да арасын ақтарып жүріп үлкендігі ақшадай шеңбер тәрізді айнаны алып шықты. Сосын сөзін былай сабақтады: «Менің балалық шағым сұрапыл соғысқа дәл келді. Ол кездері кедейшіліктің тауқыметін татып жүрген болатынбыз. Оның үстіне аулымыз да орталықтан әлдеқайда ұзақта орналаскан еді. Бір күні жол бойынан айнаның сынығын тауып алдым. Сол жерге жақын маңда немістің жасап шығарған мотоцикілі екі бүктеліп аунап жатыр екен. Шашылып жатқан айнаның бөлшектерін жинап алып, кұрастыра бастадым. Бірақ қанша әуреленсем де біріктіре алмай қойдым. Сосын мына қолымдағы айнаның бөлшегін қалтама салып алдым. Міне мынау. Кейіннен мұны таспен қашап отырып дөңгелек күйге келтірдім. Бұл менің ең бағалы ойыншығыма айналды. Күннің сәулесін көрмеген қап-қараңғы жерлерге, терең шұңқырларға, жыраларға, көлеңкелерге жарық түсіріп жүрдім. Сәулені шағылыстыру маған қатты әсер берді. Мен үшін жарық түспейтін жерлерге жарық түсіру ең қызықты ойынға айналды.

Арадан қанша жыл өтсе де айнамды жанымда сақтап жүрдім. Жасымның егде тартқанына қарамай оңаша қалғанда, айнаны қолыма алып, балаша ойнап кететін кездерім де болды. Ақыл тоқтатып жастықтың қызығынан қапа бастаған кезімде мына нәрсені түсіне бастадым. Бұл мен үшін баланың ойыншығы ғана емес, өмірімдегі қолымнан келетін істерімнің нағыз символына айналғандай еді. Жарықтың яки кайнар көздің мен емес екенімді аңғара бастадым. Дегенмен жарық шындық, түсінік пен білім – сол жерде болатын. Егер мен сол жарықты шағылыстырсам, көптеген сәуле түспейтін қараңғы жерлер жарқыраған жарықка айналады. Мен де - пішінім мен көлемімнің қандай екені белгісіз бір айнаның сынығымын. Озімнің бойымдағы кабілетіммен дүниенің караңғы жерлеріне, адамдардың жүрегіндегі қараңғы нүктелеріне жарық бере аламын. Кейбір адамдардың бағзы нәрселерін өзгерте аларлық шамам бар. Бәлкім өзге адамдар да дәл осы сияқты ойлап, айналасына жарық шашатын болар.

Міне, бұл – менің өмірлік ұстанымым! Бұл – менің өмірімнің мәнісі!

Сосын ол кішкене айнасына бір қарап алды да, терезеге түсіп түрған күннің сәулесін бетіме әрі партадан ұстап түрған қолыма шағылыстырды. Сол жылдың жазында Гректің мәдениеті мен тарихы жайлы үйренгендерімнің көбі есімнен шығып кетті. Бірақ сол күнгі айнаның сынығы есімнен шыға қойған жоқ.

Қолыңнан келетін барлық жақсылықты, әрқашан, әр жерде, мүмкіндігің барынша ретін тауып істеуге тырыс.

 

0 пікір