Неміз бар?
Неміз бар?
16.05.2019 14:39
407
0

Адам терең ойланып қарайтын болса, шын мәнінде  дүниеде ештемесі жоқ екенін аңғара алады. Көзіміз, құлағымыз, санамыздың өзі мерзімі жеткенде бізді тастап кете баратын болады. Сонда біздің неміз бар?

 Иелік етіп отырғанымыз, басқарып отырғанымыздың бәрі де бір күні қолдан кетеді. Бәлкім бір бақшамыз бар шығар, бірақ ол бақшаны түнеп жүрген мысықтың өзі, бұл бақша менікі, деп ойлайтын шығар кім білсін? Сол бақшадан қорегін тауып жүрген құстар да жылан да бәлкім өзінің мүлкі деп санайтын шығар. Құс сайрап ән салғанда біздің бар екенімізді сезеді ме екен? Топырақтың тереңіне тамырын салып, күн шуағына жапырағын жайып бүршік жарып жемісін төгіп тұрған ағаш, біздің бар екенімізді сезер ме екен? Біздің бар екенімізді сезінсе де олар бізді өзінің иесі деп қабылдай ма?

 Барша тіршілік иесі де, адам да тек Алланың жаратылысы екенін білсе, сол кезде ғана бақытты бола алады. Кез-келген қиындыққа, ауыртпашылықты мойнына жүктеген өмірдегі қиындықтарға сол сәтте ғана төзе алады. Кейде бұл қиындықты қуанышқа да айналдыруға тырысады. Өзін жаратқан Алланы танығанда, өмір қиындығының қуанышқа  айналғандығын байқайды. Біздікі болып қалатын, мәңгілікке біздікі болатын тек Алла ғана.

 

(Сезай Каракоч, физик өтесі ачысындан уфуклар ве даха өтесі,

Дарилиш баспасы, 115-116 -бет)

0 пікір