Нағыз мұсылман кім?
Нағыз мұсылман кім?
13.02.2018 14:46
499
0

Ғұлама Әбубәкір Кердері бала  күнінде  көп шабындыққа таласып жатқан екі  ересек  кісіні көріп, оларға:

«Бірлік қылсаң ағалар,

мынау тұрған шабындық

баршаңызға жетеді,

Дүние, шіркін,  жалған ғой,

бастан әлі-ақ өтеді»,- деген екен.

Сол секілді, Айтқожа  шешен  тағлымды туындысының   бірінде:

«Жар басына  үй тікпе,

жар құласа үй кетер,

 ала болса ағайын,

рулы елден күй кетер.

Ағайын ала болғанда,

ауыздағы ас кетер,

аңдыған дұшпан күшейіп,

жау қолында бас кетер», - деп береке, бірлік бастауы – ішінара елдің татулығында екенін меңзейді.

Дін дегеніміз көркем мінезділік болса, насихаттың абзалы - көркем жүріс-тұрысымызбен өзгелерге өнеге  болуы тиісті мұсылмандар арасындағы бауырмашылдық пен татулық.

Шынтуайтында, нағыз мұсылман – қолымен де, тілімен де басқаларға зияны тимейтін адам.  

0 пікір