Мен сенен бірінші жебеңді тартып алдым...
Мен сенен бірінші жебеңді тартып алдым...
11.09.2019 12:56
160
0

Дзен ұстаз шәкіртіне садақтан оқ атуды үйретіп жатады. Шәкірті бірден екі жебені алады. Алайда ұстазы жанына келді де, бір жебесін тартып алып, шетке лақтырып жібереді.

-Неге екінші жебені тартып алып қойдыңыз, ұстаз? – деп сұрайды шәкірті.

- Мен сенен екінші емес, бірінші жебеңді тартып алып қойдым. Себебі, ол бәрібір нысанға тимес еді.

- Неліктен? – деп таң қалды шәкірт.

- Себебі, бірінші жебені атқанда, тағы бір жебе бар, екінші мүмкіндігім бар деген ой кесе көлденең тұрар еді, - депті ұстазы.

 

Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір